Адалдық – басты талап!

Ю-21-2 тобында куратор Л.М.Жунусованың  «Адалдық-басты талап» атты кураторлық сағаты өткізілді.  Кураторлық сағаттың  мақсаты студенттерге  адалдық, шындық туралы түсінік беріп,
студенттердің  бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету, бірін – бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.

Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі.
“Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық – пәктік, ар – ұждан, жан тазалығы басты орында. Адал дос дегеніміз – өтірік айтпайтын, шындықты жақтайтын, досын ешқашанда ұятқа қалдырмайтын, барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп көмектесетін, қашан да қасынан табылатын, барын бөлісетін нағыз жолдас.

Студенттер адамгершілікті, адалдықты қалай түсінетіндіктері туралы, әдеп  нормалары жөнінде өзара пікірлесіп, ой бөлісті. Студенттерді адамгершілікке тәрбиелеу, баланың жеке тұлғалық қабілетін қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру баса назарда алынуға тиістігі негізінде тұжырымдамалар жасалды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.