Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақселеу Сейдімбек атындағы жас жазушылар мен көсемсөз шеберлерінің облыстық әдеби-шығармашылық байқауының жүлдегерлері анықталды. Биыл 40-қа жуық жас қаламгер бақ сынаған. Көрнекті этнограф, жазушы, публицист, әдебиеттанушы Ақселеу Сейдімбек атындағы жас жазушылар мен көсемсөз шеберлерінің дәстүрлі облыстық әдеби-шығармашылық байқауы алтыншы мәрте өткізілуде. Өткен жылдары 16 мен 35 жас аралығындағы барлығы 300-ден астам жас қаламгер бақ сынаса, биыл 40-қа жуық үміткер проза, публицистика жанрларында шығармаларын ұсынған. Байқауға “Bolashaq” академиясы атынан қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Кабай Күннұр қатысып, 2- орын мен 100 мың ақшалай сыйлықты қанжығасына байлады.

