Фармацевтикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, доцент Пахомова Дамира Кеңесқызы конференция қатысушыларына арнап құттықтау сөз сөйледі. Ол іс-шараға қатысқандығы және өз тәжірибелерімен және зерттеулерімен бөліскені үшін конференция қонақтарына алғысын білдірді.

Іс-шараның тең төрағаларының құрамына кірді:
Пахомова Д. К. – м. ғ. д., доцент
Тнимова Г.Т. – м. ғ. д., профессор
Тукубаева Г. Н-аға оқытушы
Жас зерттеушілер 8 жұмыс ұсынды. Мақалалардың авторлары КЕАҚ «Медицина университеті» , Е.А.Бөкетов атындағы КЕАҚ ҚарУ, «Bolashaq» Академиясы жас ғалымдары болды.

Қорытынды:
1 – орын: Қартабаева Г. И. «Bolashaq» Академиясы, Қарағанды, Қазақстан Республикасы
2 – орын: Тупицына Н. А., Челлер Н.А. «Bolashaq» Академиясы, Қарағанды, Қазақстан Республикасы
2 – орын: Шишкина Е.О., Әбікенова А.А., Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды, Қазақстан Республикасы
3 – орын: Оразбаева А.Д. «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ, Қарағанды, Қазақстан Республикасы.
3 – орын: Асанова Г.К. «Bolashaq» Академиясы, Қарағанды, Қазақстан Республикасы
