8 наурыз – көктемнің ең жарқын, мейірімге толы мерекесі!

Мерекелік іс-шара Академия ректоры Аданов Қуанышбек Бұланұлының құттықтау сөзімен басталды. Ректор барлық нәзік жандылар қауымына алғысын білдіріп, оларға зор денсаулық пен бақыт тіледі.

Бұл күн – сұлулық пен нәзіктіктің, мейірімділік пен даналықтың мерекесі. Әйелдер – отбасының тірегі, қоғамның ұйытқысы, болашақ ұрпақтың тәрбиешісі.


Салтанатты іс-шара Академияның талантты студенттерінің әндерімен, көркем би қойылымдарымен жалғасты. Бұл ерекше кеш көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй, қуаныш пен шаттық сыйлады.


Аяулы аналар, сымбатты арулар! Сіздер біздің ең қымбат, баға жетпес байлығымызсыздар! Көктемнің әр күні сіздерге тек жақсылық, бақыт пен шабыт әкелсін!


Ұйымдастырушылар мен өнерпаздарға алғысымызды білдіреміз!
Барша әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жүздеріңізден күлкі кетпей, әр күніңіз қуаныш пен жылылыққа толы болсын!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.