2021 жылдың 22 қаңтарында онлайн режимінде 1 курс студенттерінің “Bolashaq”академиясының оқу-әдістемелік басқармасының қызметкерлерімен кездесуі өтті.

ОӘЖ жөніндегі проректор, доцент Киреева У.Т. студенттерді карантин жағдайында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, 1 ақпаннан бастап Академияның офлайн режимінде сабақ өткізуге дайындығы туралы хабардар етті.

Сонымен қатар студенттер алдында тіркеу бөлімінің бастығы Б. Б. Бекбашева сөз сөйледі.

Академия сайтына шолу жасалды. Студенттер академиялық күнтізбемен және өзекті сабақ кестесімен таныстырылды.


ОӘБ басшылары студенттерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.