2022 жылдың 24 тамызында Ғылыми-техникалық кеңестің 2022-2023 жылдың басындағы бірінші отырысы өтті. Отырысқа ҒЗЖ және СҒЗЖ бойынша жауапты оқытушылар, кафедра меңгерушілері, СМУ төрағасы және т.б. жауапты қызметкерлер қатысты. ҒТК Төрағасы, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Г. А. Қадырова барлығын оқу жылының басталуымен құттықтап, ҒТК мүшелерін ҒТК бірінші отырысының күн тәртібімен таныстырды:
Отырыста бірінші мәселе бойынша ҒТК төрағасы алдағы оқу жылына арналған ҒТК құрамын талқылау және бекіту, 2022-2023 оқу жылына арналған ҒТК жұмыс жоспарын қарау туралы ұсыныс жасады. Екінші мәселеде ЖҒҚ төрағасы А. С. Байлен жас ғалымдар кеңесінің құрамын және жас ғалымдар кеңесінің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекітуге ұсыныс жасады.
Үшінші мәселе бойынша Ғылыми зерттеулер орталығының басшысы Е. Е. Серимов және ҒЗЖ, СҒЗЖ, ғылыми үйірмелер бойынша жауапты оқытушылар 2022-2023 оқу жылына арналған жоспарларды бекітуге ұсыныстарымен сөз сөйледі.
ҒТК-тің мүшелеріне 2022-2023 оқу жылына арналған ғылыми-техникалық кеңестің жаңа құрылымы ұсынылды, Академия конференцияларын өткізу жоспарлары, Ғылым күніне арналған іс-шаралар және алдағы оқу жылының басқа да маңызды мәселелері талқыланды.