ӘУЕЗОВ ОҚУЛАРЫ-18: АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ
«ҰЛЫ АБАЙДЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ–ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ
Елі: Қазақстан Республикасы
Өткізілетін орны: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5.
Өткізу уақыты: 16-17 сәуір 2020 ж.
Пленарлық мәжілістің өткізілетін орны және уақыты: бас ғимарат, акт залы, сағ.10.30.
Ұйымдастырушы: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Конференция өткізудің мақсаты: Қазақстан Президентінің 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Президенттің жолдауындағы міндеттер бойынша пікірталасқа барлық санаттағы зерттеуші-ғалымдардың қатысуына мүмкіндік беретін ақпараттық ғылыми алаң құру және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту, жастарға Ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу.
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:
1. | Қазіргі тіл білімі және әдебиеттанудың мәселелері: Абай Құнанбайұлына 175 жыл. |
2. | Тарих және қазіргі заман: Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Алтын Орда және оның түркі әлеміне әсері». |
3. | Білім беру және мәдениет аясында инновациялық қызметке болашақ педагогтарды кәсіби тұрғыдан даярлау. |
4. | Инклюзивті білім беру: мәселелері мен қазіргі жағдайы. |
5. | Экономиканы цифрландыру – Қазақстанның әлеуметтік-экономикасын дамытудың – факторы ретінде. |
6. | «ХХІ ғасырдағы заң ғылымы: өзекті мәселелері мен бағыттары және оларды шешу жолдары». |
7. | Агроөндірістік кешеннің тұрақты дамуын және ауылшаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету. |
8 | «Ақылды технологиялар» – Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі. |
9. | Химиялық технологияларды дамытудың заманауи бағыттары, металлургия, нанотехнология және силикат материалдары. |
10. | Эразмус+ бағдарламасысының ЖОО-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және әлемдік ғылыми кеңістікке кірігуіне қосқан үлесі. |
11. | Жеңіл және тамақ өнеркәсібінің даму болашағы. |
12. | Құрылысқа және машинажасауға заманауи технологияларды енгізу. |
13. | Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау. |
14. | Жаңартылған энергетика, ресурстар және энергияны сақтаушы технологиялар. |
15. | Физика-математикалық ғылымдар саласындағы теориялық және қолданбалы зерттеулер, өндірісті автоматтандыру мен IТ-технологиялар. |
16. | Бәсекеге қабілетті тұлғаны психологиялық тұрғыдан тәрбиелеу мен дамытудағы спорттық сауықтыру аспектілері. |
Конференция тақырыбы бойынша маңызды ғылыми-зерттеу нәтижелері бар Қазақстан Республикасы және шетел мемлекеттерінің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғалымдары конференция жұмысына қатысуға шақырылады. Конференция аясында Испания, Дания, Ресей, Финляндия, Хорватия ғалымдарының, сонымен қатар жобаның серіктес – ассоциацияланған ЖОО өкілдерінің қатысуымен “Эразмус+ бағдарламасының жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы үлесі және олардың әлемдік ғылыми кеңістікке кірігуі” тақырыбында Вебинар өтеді.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.