«Екінші дүниежүзілік соғыстағы Қазақстан және қазақстандықтар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы

2019 жылы 31 наурызда ҚР Білім және ғылым министрілігі Ғылым комитетінің     Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві бірлесіп, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы қорының ұйымдастырушылық қолдауымен «Екінші дүниежүзілік соғыстағы Қазақстан және қазақстандықтар» атты тақырыпта республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Сізді және Сіздің әріптестеріңізді Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы мен Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңісінің 75 жылдығына арналған конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  • Соғыс қарсаңындағы Кеңес Одағы және Қазақстан: соғыс алдындағы жағдай.
  • Жалпыға бірдей әскери жұмылдыру және Қазақстан территориясында әскери құрамалардың жасақталуы.
  • Қазақстанның ұлттық әскери құрамалары: жасақталу тарихы және жауынгерлік жолы.
  • Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан: республиканың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері.
  • Эвакуация: көшірілген өнеркәсіп орындары мен оқу орындарын қабылдау және орналастыру.
  • Қазақстан – майдан арсеналы: Қазақстан аумағындағы қорғаныс өнеркәсіп орындары.
  • Қазақстан халқының соғыс жылдарындағы майданға көмегі.
  • 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандықтардың ерлігі.
  • Партизан жасақтары мен Қарсыласу қозғалысындағы қазақстандықтар.
  • Қазақстандық соғыс тұтқындарының тағдыры және оларды ақтау мәселелері.
  • Еңбек армиясы құрамындағы қазақтар.
  • Қазақстан әйелдерінің Жеңіске қосқан үлесі.
  • Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан: мәселенің тарихнамасы.
  • Соғыс батырлары мен құрбандарын мәңгі есте қалдыру.
  • Музейлердің Ұлы Отан соғысы туралы тарихи жадты сақтаудағы рөлі.
  • Соғыс туралы тарихи аңыздар және Қазақстандағы тарихи жад саясаты.
  • Соғыс тарихы жөніндегі жаңа архив деректері мен құжаттары.

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.