«Цифрлық экономиканы дамытудағы жаңа қаржылық моделі» тақырыбындағы «G-Global» ақпараттық-коммуникациялық алаңындағы халықаралық онлайн-конференция

2020 жылғы 17 сәуірде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Экономика факультеті, «Мемлекеттік аудит» кафедрасы «G-Global» ақпараттық-коммуникативтік алаңында «Цифрлық экономиканы дамытудағы жаңа қаржылық модель» тақырыбында онлайн-конференция өткізеді.
Конференцияға қатысуға ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттер, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар мен бизнес құрылымдардың өкілдері шақырылады.

Конференцияға қатысу үшін 2020 жылғы 5 сәуірге дейін конференцияның ұйымдастыру комитетіне konfrans.enu@bk.ru жіберу керек:
     – қосымшада берілген нысанда Қатысушының сауалнамасын;
     – төмендегі талаптарға сәйкес жазылған мақаланы.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

  • Ғылыми және қолданбалы маңызы бар, көрсетілген бағыттарға сәйкес және бұрын еш жерде жарияланбаған жұмыстар қабылданады.
  •  Мақала көлемі 8 бетке дейін А4 форматында.
  • Мәтін MS Word бағдарламасында компьютерде терілуі тиіс, шрифт Times New Roman, кегль – 14, 1 интервалдан кейін, абзацтық шегініс 1,25 см, жиектер шекаралары: барлық жағынан 2 см; мәтін – ені бойынша,  буынға бөлуге, беттерді нөмірлеуге болмайды.
  •  Мақала мәтіні тексерілген және қателері болмауы тиіс. Авторлық редакцияда басылады. Бір автор екіден көп емес жұмысты (сонымен қатар бірлескен авторлықта) жариялай алады.
  •  Мақаланың атауы бас әріптермен, қалың шрифтпен, ортасында, нүктесіз басылады.
  •  Мақаланың атауынан кейін төменіректе ортасынан қалың курсивпен бір интервалдан кейін кіші әріптермен автордың тегі мен аты-жөні жазылады.
  • Төменде ұйымның толық атауы, қаласы, мемлекеті, e-mail.
  • Одан әрі 2 интервал шегіністен кейін мәтін жазылады.
  •  Әдебиетке сілтемелер мәтінде сөйлемнің соңында шаршы жақшада орналастырылады .
  •  Әдебиет жалпы тізім түрінде рәсімделуі тиіс. Әдебиеттің нөмірленуі – тура ретпен.  

Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына сәйкес келмейтін немесе 2020 жылдың 5 сәуірінен кейін алынған, көрсетілген талаптарды бұза отырып рәсімделген мақалаларды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

      Мақала құрылымы:

  •  мақаланың атауы;
  •  авторлар туралы мәліметтер;
  •  қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ақпарат, мазмұн және аударма сапасы талаптарына жауап беретін аннотациялар (100-150 сөз);
  •  кілт сөздер (10 сөзден артық емес);
  •  мақала мәтіні;
  •  әдебиеттер тізімі.

Конференция қорытындысы бойынша электронды материалдар жинағы жасалып, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ сайтында, сондай-ақ “G-global” коммуникативтік алаңында жарияланады.

Жинаққа тиісті кітапханалық индекстер ББК және халықаралық стандартты кітап нөмірі (ISBN) беріледі.

      Ұйымдастыру жарнасы талап етілмейді.

Байланыс телефоны: 7 (7172) 709-500 /ішкі: 32-411.  Жауапты: Сембиева Ләззат Мықтыбекқызы, ұялы тел: +7701-333-80-28, Мұхтархан Асет +77776211182

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.