Конференцияға қатысушылар: мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ өкілдері, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, ғалымдар мен сарапшылар.
Конференция аясында пленарлық отырыс пен келесідей бағытта:
– «Ұлттық Кеңес: өзектілігі мен перспективасы»;
– «Әлеуметтік жаңғырту: проблемалар, шешімдер мен мүмкіндіктер.
Секциялардың саны мен атауы келіп түскен өтінімдер мен баяндамалардың тақырыптарын зерделегеннен кейін Ұйымдастыру комитеті тарапынан түзетілуі мүмкін, бұл конференцияға қатысушыларға қосымша хабарланады.
Конференцияға қатысу келесідей формаларда рұқсат етіледі:
· тікелей: ауызша баяндамамен сөз сөйлеу, пікірталасқа қатысу;
· сырттай: ғылыми мақаланы жария ету.
Конференцияның өту мерзімі мен орны: 2020 жылдың 26 наурызы, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі.
Өтінімдер мен мақалаларды қабылдаудың соңғы мерзімі – 2020 жылдың 23 наурызы.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Іс-шара нәтижесінде конференция материалдарының жинағы басып шығарылады.
Ұйымдастыру жарнасы талап етілмейді.