КАДЫРОВА ГУЛЬЖАН АДИЛОВНА

Экономика ғылымдарының кандидаты, “Қаржы” кафедрасының доценті, оқу-әдістемелік кеңестің хатшысы.

Байланыс ақпараты

Мекен – жайы: Қазақстан 100012, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі 16, 207 кабинет.

Телефон: 42-04-25 (Ректордың қабылдау бөлмесі);

E-mail: Kadirova.77@mail.ru;

Жұмыс кестесі: дс.- жм. 10: 00-16:00, түскі үзіліс 13.00-14:00.

Білімі туралы ақпарат

1. (1993-1997 жж.) Қазақ тұтыну кооперациясы институтын бітірген, мамандығы “Маркетинг және коммерция”, біліктілігі – маркетолог, (диплом ЖБ-ІІ № 0147505 28.04.1997 ж.); Қарағанды “Болашақ” университеті ЖМ, Мамандығы 050301- “Құқықтану”, біліктілігі – заңгер (диплом ЖБ № 0159661 30.06.2009 ж.);

2. Сырттай аспирантура (2007-2010 жж.), Қазақстан Республикасы, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, мамандығы 08.00.10 – “Қаржы, ақша айналымы және кредит;

3. Ғылыми дәрежесі – экономика ғылымдарының кандидаты. Диссертация тақырыбы “Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетін толықтыру құралы ретінде жер қойнауын пайдаланғаны үшін ренталық төлемдер” (ҒК дипломы № 0006096, 30.06.2011 ж.);

4.Академиялық атағы: “Bolashaq” Қарағанды университетінің доценті (01.09.2012));

Еңбек өмірбаяны.

Жалпы ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 20 жыл, оның ішінде “Bolashaq” академиясында 20 жыл.

Еңбек жолын 1999 жылдан бастап Қарағанды “Болашақ” өзекті білім беру институтында “экономика және халықаралық экономикалық қатынастар” кафедрасының лаборанты ретінде бастаған. 01.09.2010ж. бастап “Болашақ” Қарағанды университетінің “Қаржы” кафедрасының аға оқытушысы, 01.09.2015 ж. бастап 01.09.2017 ж. дейін “Bolashaq” академиясының Құқық және бизнес факультетінің деканы қызметін атқарды.

Қазіргі уақытта (01.09.2017 ж.бастап) “Bolashaq” академиясының “Қаржы” кафедрасының доценті, оқу-әдістемелік кеңестің хатшысы қызметін атқарады.

Ғылыми қызығушылықтары экономикалық және қаржы саласына, ҚР жер қойнауын пайдаланудың, сыртқы экономикалық қызметтің нақты мәселелері жатады.

Ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектері.

Халықаралық және республикалық басылымдарда, ғылыми еңбектер жинақтарында 36 ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар, соның ішінде монографиялар, өнертабыстар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар және әр түрлі пәндерді өткізуге бірқатар әдістемелік ұсынымдар жарияланды.

Маңызды жарияланымдар:

1. Қазақстанның жер қойнауын пайдалану: мәселелері мен болашағы. Монография. Қарағанды: РИО “Болашақ-Баспа”, 2010. – 131б. (бірлескен авторлықта);

2. Экономика және өндірісті ұйымдастыру. Оқу құралы. Қарағанды: КЭУК, 2010, (бірлескен авторлықта);

3. Табиғи-шикізат ресурстарын ренталық бағалаудың әдістемелік негіздері. – Экономика және статистика журналы, №3, 2009ж.;

4. ҚР Ұлттық қорын басқару және пайдалану мәселелеріне қатысты. – Экономика және статистика журналы, №3, 2009ж.;

5. Қазақстанның отын-энергетикалық кешенін инновациялық дамытудың басымдықтары. – “Экономика және статистика” журналы, №1, 2014ж.;

6. Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенінде ренталық қатынастарды дамыту. – “Экономика және статистика”, № 2, 2014ж.;

7. Табиғи рента және Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат кешенін мемлекеттік реттеу. – Бап. “Экономика және статистика” журналы, № 3, 2014 ж.;

8. Қазақстан экономикасында мұнай-газ өнеркәсібін жаңғырту. – Экономика және статистика, – Астана, №2, 2017 ж.;

9. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқытудың жаңа трендтері мен технологиялары. Импакт-факторлы РИНЦ деректер базасынан алынған мақала 0,321. Халықаралық эксперименттік білім журналы. Ғылыми шолу. Экономикалық ғылымдар. – Мәскеу: “Жаратылыстану Академиясы” ИД, №4, 2018., ISSN 2618-7159;

10. Development of innovation in Kazakhstan oil and gas industry. Scopus (SJR) = 0,110. International Journal of Economic Perspectives. –Turkey. 2017, №4, ISSN (Online): 2523-5338.

Сайтта дәйексөздік elibrary.ru:

https://elibrary.ru/author_refs.asp?authorid=1011032&show_option=0

Патенттер мен өнертабыстар:

1. Контроллинг. Электрондық оқулық, Қазақстан Республикасы Патент, авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, 2018 жыл);

2. Экономиканың мұнай-газ секторында ренталық төлемдерді жинақтау және пайдалану тетіктері (бастамашылық зерттеу жобасы (ҒЗЖ), Қазақстан Республикасы, мем.тіркеу № 0116РК00024, 2015-2017жж, қорытынды есеп, Жарияланымдар (бірлескен авторлықта).

Біліктілікті арттыру және тағылымдамадан өту:

1. Қаржылық білімді жетілдіру курсы Career Day “Повышение финансовой грамотности”, АО “Казпочта”, сертификат, қараша 2017ж.

2. “Идеядан бизнеске” оқыту-бизнес жоспарлау курсы, 72 сағат, оқытуды “Қазақстандық жас кәсіпкерлер ассоциациясы” 2017ж.

Марапаттаулар

Жоғары оқу орнының, қаланың және облыстың қоғамдық өмірінде белсенді еңбегі үшін бірнеше рет академия, қала және облыс басшылығының грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталды.

2018 жыл — ҚР Тәуелсіздік күніне орай – Қарағанды қаласының әкімі Н. Әубәкіровтің “қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, белсенді еңбек қызметі мен қоғамдық қызметіне қосқан жеке үлесі үшін” Құрмет грамотасымен марапатталды.