2021 жылғы 5 сәуірде “Bolashaq” академиясының студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұйымдастырған “Әйтеке би: парасат биігі мен сөз құдіреті” тақырыбындағы кезекті “Парасаттылық сағатына” қатысты.
Жемқорлыққа жол жоқ
Дала данышпаны, Қазақ хандығының көрнекті саяси қайраткері Қазыбек бидің дана сөздері, әділдік, парасаттылық қағидаттары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағатына» арқау болды. Қаз дауысты Қазыбек би – қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан тарихында өзіндік орны бар тұлға. […]
2021 жылғы 17 наурызда Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің заң факультеті ұйымдастырған “Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат стратегиясы” тақырыбындағы республикалық онлайн-дөңгелек үстеліне қауымдастырылған профессор, “ЖОО үздік оқытушысы-2020” грантының иегері Әбдіжәми Айтуған Жұмахметқызы қатысты. .Дөңгелек үстел Microsoft Teams платформасында өткізілді, бұл сындарлы диалог алаңына айналды және ғалым-құқықтанушыларды, заңгер-практиктерді, […]
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағаты» қазақ халқының шешендік өнеріне, ел бірлігін нығайтуға орасан үлес қосқан ойшыл, дана, туралығын айтар шешен Төле би бабамыздың жас ұрпаққа өнеге болар ғибратты ғұмыры мен өсиеттеріне, даналығы мен жеке қасиеттеріне арналды. «Туралықты тұғыр еткен Төле би» тақырыбындағы онлайн-бейнедәріс барысында жастар Төле бидің […]
2021 жылғы 5 наурызда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында жоғары білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша кеңес өтті, оған “Bolashaq” академиясының стратегиялық даму жөніндегі проректоры Рысмағамбетова Г. М. қатысты. Кездесу бағдарламасы жоғары білім беру саласындағы парасаттылықты ілгерілетуге бағытталған. Толығырақ танысыңыз: https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=2876470085942768&id=1493710944218696&sfnsn=mo
2021 жылғы 3 наурызда ZOOM платформасында білім беру саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша облыстық онлайн-конференциялар өтті. Аталған іс-шараны Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі “Sanaly urpaq” республикалық жобалық кеңсесі мен “Bolashaq”академиясының қолдауымен ұйымдастырды. Конференцияға қатысты: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Д.В. Шакенов, […]
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әділдік философиясы» тақырыбында кезекті адалдық сағаты өткізілді. Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ классикалық әдебиетінде ұлы Абай қалыптастырған көркемдік дәстүрлерді байытып жалғастырушы суреткер. Ол өз заманының ең мәнді, көкейкесті мәселелерін көтеріп, өзінің көркем қолтаңбасын, қоғам мен адам өміріндегі алуан шындықтар көрінісін шығармаларына арқау етті. «Қараңғы […]
2021 жылғы 16 ақпанда “Bolashaq” академиясының ректоры профессор Меңлібаев Құралбай Несіпбекұлы Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен “Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және “Sanaly urpaq” жобасын іске асыру” тақырыбында тікелей эфирде спикер болды. ЖОО басшысының сөзін “Bolashaq”академиясының әріптестері қолдай отырып, өз пікірлерін білдірді. М.Хамзин, академия профессоры, филология ғылымдарының докторы: […]
2021 жылғы 16 ақпанда Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі “Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және “Sanaly urpaq” жобасын іске асыру тақырыбында тікелей эфир өткізді. Кездесу барысында: ️ департамент басшысының бірінші орынбасары Оразхан Асхат Оразханұлы, ️”Bolashaq” академиясының ректоры, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Меңлібаев Құралбай Несіпбекұлы сөз сөйледі. Құралбай Несіпбекұлы өз […]
“Bolashaq” Академиясының студенттері қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті “Парасаттылық сағаты” көрнекті қазақ ағартушысы-педагог, жазушы, этнограф, ғалым – фольклоршы, ұлт мұғалімі Ыбырай Алтынсариннің өміріне арналған. Ыбырай Алтынсарин өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ балаларын оқытуға арнап, қазақ даласы тарихындағы білім берудің негізін қалаушы- балалар әдебиетінің атасы болды. Алғашқы халық мектебін […]
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі онлайн-дәрістер арқылы жастар арасында парасаттылық қағидаттарын ілгерілетуді жалғастыруда. Кезекті «Адалдық сағатының» қонағы қазіргі таңда қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген белгілі ақын Қалқаман Сарин болды. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Шабыт» фестивалінің және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының […]
Жалпы республикалық “Адалдық сағаты”акциясы аясындағы кезекті онлайн сабақты Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) өткізді. Онлайн сабақтың тақырыбы – “Шәкәрімнің өсиеті-адалдық айнасы”. “Bolashaq” академиясының студенттері сабаққа белсенді қатысты.
2021 жылғы 20 қаңтарда Zoom платформасында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша ЖОО студенттерімен кездесу өткізді. Спикер болып Махорус Алмас Әсетұлы сөз сөйледі. Әңгімелесу барысында сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің себептері, алдын алу шаралары қарастырылды. Бұл кездесуге “Bolashaq” академиясының студенттері белсене қатысты. Кездесуге қатысушылар […]
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) “Адалдық сағаты” жалпы республикалық акциясы аясында дәстүрлі онлайн сабақ өткізді. Бағдарламаның қонақтары: Мейіржан Әлібекұлы – “Qazaqstan “РТРК” АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, “Nur Otan” партиясы тағайындаған “Нұр Сұңқар” байқауының Гран-при иегері, “Қазақстан Республикасы ақпарат […]