📢 «Bolashaq» Академиясына жаңа ректордың тағайындалуы білім ордасының өркендеуінің жаңа кезеңін бастауға мүмкіндік береді. Жоғары білім беру саласындағы қарқынды өзгерістер жағдайында Академия алдағы уақытта өз дәстүрлерін сақтай отырып, білім сапасын арттыруға, инновациялық әдістерді енгізуге және еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандарды даярлауға басымдық бермек. 👨🏫 Жаңа ректор философия докторы (PhD) […]
Жаңалықтар
2025 жылдың 10 ақпанында академия студенттері «Bolashaq» Академиясында өткен маңызды шара – Қарағанды облысының Жастар Ресурстық орталығы ұйымдастырған «Offline Day» волонтерлік тренингіне қатысты. Бұл іс-шара волонтерлік қызметтің маңыздылығын түсіндіру, студенттердің қоғамдық белсенділігін арттыру және жастар арасында жауапкершілік пен мейірімділікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Тренинг барысында Академияның белсенді студенттері Алғыс хатпен марапатталды. […]
2025 жылғы 28 қаңтардан 30 қаңтарға дейін кафедра меңгерушісі пс.ғ.к. Әбдірахманова Алуа Сәбитқызы Еуропалық қаржы қоғамдастығының көмегімен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған CADAP 7 профилактикалық бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жұмысына қатысты. Семинарды Алматыда Artur Malczewski PH Польша ұлттық алдын алу және D, Piotr Jabłonski Ph.D. тәуелділік орталығының […]
10 ақпанда Қарағанды қаласының «Шахтер» стадионының «Жастар» жеңіл атлетика кешенінде волейболдан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы чемпионатының ойындарының салтанатты ашылуы өтті. Спорт мерекесінің басында жарысқа қатысушыларға Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев құттықтау сөз сөйлеп, команда қатысушыларына алдағы ойындарда сәттілік пен жарқын жеңістер тіледі. Сондай-ақ, ашылу салтанатына […]
Қарағанды облысы білім басқармасының, Қарағанды қаласы білім бөлімінің №15 ЖББМ Қалалық медициналық сыныптар арасында «Медицинаға қадам» байқауы өтті. Осы байқауға Қарағанды қаласының барлық мектебінің оқушылары қатысты.6-7 сынып оқушылары «Дәрігерлер Династиясы» тақырыбына презентация дайындады ,8-9 сынып оқышылары «Медицина қызметкерлеріне тағзым» деген тақырыбта видеороликтар дайындады, 10-11 сынып оқушылары «Медицина жаналықтары» тақырыбына ғылыми […]
2025 жылдың ақпанында «Bolashaq» Академиясының конференция залында студенттік ұйымның жаңа координаторларының жедел отырысы өтті. Жиналыс барысында студенттік «Болашақ» Республикасының жаңа Президенті Кадрин Т.Б. өзін таныстырып, жаңа координаторларды тағайындады. Жиында студенттер Жастар ісі жөніндегі комитеттің жоспарымен танысып, алдағы уақытта өтетін іс-шаралар туралы ақпарат алды. Кездесу кезінде Академияда жұмыс істейтін әртүрлі клубтардың […]
Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сайлау үдерісімен танысу, сондай-ақ студенттерді азаматтық қызметке және сайлау үдерісіне тарту мақсатында Дүниежүзілік сайлау күні 2025 жылғы 6 ақпанда «Bolashaq» Академиясында Құқықтану ББ студенттері мен оқытушылары үшін Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Саян Амантайұлы Есмағанбетов: «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы» пәні шеңберінде «Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі мен […]
Қарағанды қаласы әкімдігінің «№86 жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Қарағанды қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерінің, ПиП-24-1 тобының оқу (таныстыру) практикасы өтті. Оқу практикасы 2025 жылдың 20 қаңтары мен 30 қаңтары аралығында өтті. Практиканың мақсаты студенттердің психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік білімдерін адам […]
«Педагогика» кафедрасының 6В01301 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаcының ПМНО-24-2,ПМНО-24-1 тобының 1 курс студенттері 20.01.2025-31.01.2025 аралығында Қарағанды қаласы №23 ЖББМ КММ-де 2 апталық оқу (танымдық) іс-тәжірибеден өтті. 6.02.2025 күні өткен қорытынды бекіту конференцияда студенттер есеп беру кезінде нәтижелері талқыланып, оқу процесіндегі жетістіктер мен қиындықтарды сараптау мақсатында өткізілді. […]
31 қаңтарда Қарағанды қаласының «Ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай «Bolashaq» Академиясының құқықтық және қаржы пәндері кафедрасының доценті Садықова Көкеш Каригуловнамен мектеп оқушыларының кездесуі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты: -ҚР Конституциясының қоғамдағы рөлін, орны мен маңызын терең түсінуге көмектесу; -оқушылар мен кездесуге қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру; -Қазақстан […]
27 қаңтарда Қарағанды қаласындағы Қарағанды Қазтұтынуодағы Университетінде ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен “Қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік” интеллектуалды ойыны өткізілді. Ойынға КЕАҚ Қарағанды Медициналық Университеті, Қарағанды Қазтұтынуодағы Университеті, Ә.Сағынов атындағы Техникалық Университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті және “Bolashaq” Академиясының студенттері қатысты. Академия командасының атынан қатысқан 2 курс студенттері Жақсылықова Дана, Абильдина […]
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Қарағанды облысы білім басқармасы «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 29 қаңтарда «Bolashaq» Академиясында мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттары, мектеп-гимназиялар, гимназиялар, мектеп-лицейлер мен лицейлердің 9-11 сынып оқушылары арасында VII «Абайтану» республикалық Олимпиадасының облыстық кезеңі өтті, оған 46 оқушы қатысты. […]
Оқушының фармация саласындағы маман болу жолындағы маңызды қадамдарының бірі-практикалық тәжірибе алу. Конфуций айтқандай: «Маған айтыңыз – мен ұмытып кетемін, көрсетіңіз – есімде болады, менің өзіме істетіңіз – сонда мен бәрін түсінемін». Біз тәжірибе теориялық білімді бекітудің маңызды буыны екенін түсінеміз. 6В10101 «Фармация» мамандығының студенттері үшін теориялық оқытуды да, практикалық дайындықты […]
«Bolashaq» Академиясында жарқын эмоциялармен және бәсекеге қабілетті рухпен оқытушылар мен қызметкерлер арасында «Ректор кубогына» арналған дәстүрлі Спартакиада өтті. Академиялық өмірдің ажырамас бөлігіне айналған бұл іс-шара ұжымды біріктіреді, командалық рухты нығайтады және салауатты өмір салтын насихаттайды. Спартакиада – бірліктің, өзара көмек пен жаңа жетістіктерге ұмтылудың, жағымды атмосфераны құрудың және корпоративтік дәстүрлерді […]
2025 жылдың 16 қаңтарында «Bolashaq» Академиясында «Білім берудегі коучинг»тақырыбында семинар-тренинг өтті. Оны п.ғ.к., педагогика кафедрасының доценті және ICF сертификатталған жаттықтырушысы Асакаева Дана Саламатқызы жүргізді. Іс-шара барысында қатысушылар, олардың арасында Академия оқытушылары, коучингтің негіздерімен және оның білім беру саласында практикалық қолданылуымен танысты. Дана Саламатова студенттердің сыни ойлау, эмоционалды интеллект және жеке […]