Кәсіби бағдар беру аясындағы мектеп оқушыларымен кездесу

Кәсіби бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 20 сәуірде Қарағанды қаласы Пришахтинск ықшамауданында орналасқан №32 жалпы білім беретін орта мектебінде 11-сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Bolashaq Академиясы фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Темиреева К.С., «Фармация» білім беру бағдарламасының 5-курс студенті Кусаинова А., сондай-ақ №32 жалпы білім беретін орта мектебінің кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты Ержанова Перизат Жиенбаевна, оқытушылар Аненко Ольга Валерьевна, Қайыржанқызы Айжан, Степанюк Ирина Викторовна және  химия-биология пәнінің мұғалімі Федорова Наталья Владимировна қатысты. Іс-шараға барлығы 66 бітіруші түлек қатысты. 

Кездесу барысында оқушыларға Академияның білім беру бағдарламалары туралы толық мәлімет беріліп, «Фармация» мамандығымен қатар басқа да мамандықтар таныстырылды. Сонымен бірге оқу үдерісінің ұйымдастырылуы, тәжірибелік сабақтардың өткізілуі, академиялық мүмкіндіктер, студенттік өмір және материалдық-техникалық база жөнінде ақпарат ұсынылды.

Сондай-ақ құжат қабылдау тәртібі, оқу ақысы, грантқа түсу мүмкіндіктері, шекті балл талаптары туралы түсіндіріліп, оқушылардың қойған сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

Темиреева К.С. «Химия–биология» бағыты бойынша өтетін облыстық олимпиада туралы хабарлап, жүлдегерлерге оқу ақысына 100%, 50% және 25% көлемінде жеңілдіктер қарастырылғанын атап өтті. Бұдан бөлек, көпбалалы отбасынан шыққан студенттерге берілетін жеңілдіктер мен оқу үлгерімі жоғары, қоғамдық және ғылыми жұмыстарға белсенді қатысатын білім алушыларға ректорлық шәкіртақы тағайындалатыны айтылды.

Кездесу соңында Академия туралы бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық буклеттер таратылды. Аталған іс-шара оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына бағыт-бағдар беріп, кәсіби бағдар беру жұмысының нәтижелілігін көрсетті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.