ЖОО-ның есебінен оқуға түсетін білім алушылар құқықтарының сақталуына, қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады; жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді; Академия дамуының басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлейді; жетім, табысы аз студенттерді, жеңілдіктерді қолдау мәселелері бойынша шараларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді; ұйымға келіп түскен қаржы қаражатын бөлуге қатысады қайырымдылық көмек түріндегі білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіреді және оны нысаналы жұмсау туралы шешім қабылдайды; Академия бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді; ректордың (қажет болған жағдайда проректорлардың) білім беру қызметтерін сапалы ұсыну туралы есептерін тыңдайды; Академия қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады; білім беру ұйымының қызметімен, білім алушыларға берілген жағдайлармен танысады және т. б.