TRELLO ТАҚТАСЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУДІ ҮЙРЕТУГЕ АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАУ

2019 жылдың 21-25 қаңтар аралығында “Болашақ” Академиясында ПОҚ және қызметкерлер үшін Trello тақтасында жұмыс істеуге оқыту және білім беру ресурстарын әзірлеу бойынша практикалық семинар өткізілді.

​27 адам семинарға қатысып қана қоймай, осы семестрден бастап күндізгі және сырттай оқу түріндегі студенттермен жұмыс кезінде оларды сынақтан өткізу үшін оқылатын пәндер бойынша курстар құрды.

Қорытынды күні барлығына “Trello веб-платформасын пайдалана отырып, білім беру ресурстарын әзірлеу” оқыту семинарына қатысушы сертификаттары табыс етілді.

“ЖОО-да студентке орталықтанған оқытудың сандық технологиялары” біліктілігін арттыру курсынан өткендігі туралы куәлік (ұзақтығы 72 сағат) “Болашақ”академиясының оқу процесіне құрылған білім беру ресурстарын енгізгеннен кейін беріледі.

“Болашақ” академиясының біліктілікті арттыру орталығы барлық қатысушыларға оқуға адал көзқарасы, құрылған курстардың креативтілігі мен сапасы үшін алғыс білдіреді және оқуға инвестицияланған уақыт толығымен өтелетін болады және студенттердің материалды меңгеру сапасын бірнеше есеге арттырады деп үміттенеді.

Біз барлығына шығармашылық табыс тілейміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.