«АБАЙ ЖӘНЕ АДАМЗАТТЫҚ ГУМАНИЗМ» атты халықаралық форумның шақыру

2020 жылдың 23-25 сәуірі аралағында өтетін қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «АБАЙ ЖӘНЕ АДАМЗАТТЫҚ ГУМАНИЗМ» атты халықаралық форумның шақыру.

Форумның мақсаты: қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер философы Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздеріндегі адамзатқа ортақ көкейкесті проблемаларды көтерген ойларын әлемдік деңгейге шығару, қоғамдық пікір қалыптастыру, Абай шығармашылығына оқырмандық қызығушылық ояту.

Форумға адамзаттық гуманизмді, бейбітшілікті қолдайтын, ұрпақ тәрбиесі, экологиялық мәселелерді және оқу мен оқытуды жетілдіріп, әлемдік құндылықтарды сақтауға үлес қосқысы келетін қазақстандық және шетелдік ғалымдар, оқытушылар мен докторанттар, магистрлер және студенттер шақырылады.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

1. Абай әлемі және адамзаттық гуманизм.

2. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» немесе гуманизм концепциясы.

3. Білімге басымдылық (приоритет) беру – заман талабы.

4. «ТОЛЫҚ АДАМ» – сана модернизациясы.

5. Заманауи жаһандық экологиялық мәселелер.

6. Қазіргі лингвоэкологиялық мәселелердің көкейкестілігі.

7. Гуманитарлық пәндерді оқытудың жаңа бағыттары.

8. Қазақтану, тұлғатану және елдік сана.

9. Қазақ әдебиеті пәнінің ХХІ ғасырдағы білім мазмұны мен мақсаты.

10. Мемлекеттік тіл және (жаңа) қазақ әліпбиі.

11. Әл-Фараби және Абай: “Толық адам” концепциясы.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

23-24 сәуір: Пленарлық және секциялық мәжілістер жұмысы; Қазақ тілі оқытушылары халықаралық бірлестігінің жиналысы; Жас ғалымдар көрмесі; пікіралмасулар.

25 сәуір: Абай оқулары жеңімпаздарының өнері; «М.Әуезов «Абай жолы» кейіпкерлері суретші көзімен» көрмесі; «Қазақ сахнасы» НУ студенттер клубының талантты жастарының театрланған қойылымы; форумның жабылуы; сертификаттарды табыстау.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.