Академия "Bolashaq"
«Bolashaq» академиясының Ю-19-2 тобының студенті Кожахметов Марлен 16-19 маусым аралығында Түркістан қаласында Қазақстан студенттер альянсының ұйымдастырылуымен Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен «Орталық Азия жоғары білім кеңістігі:өңірлік ынтымақтастық, ұлттық реформалар» атты Орталық Азия мемлекеттерінің білім министрлерінің қатысуымен өткен конференцияға қатысты. Жиынға Қазақстан, Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызтан елдерінің білім министрлері […]
Докторантураға грантқа түсу үшін шекті балл 75 балды құрайды. Ал, оқуға ақылы негізде түсу үшін шекті балл – 50. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрлігінің Instagram-дағы ресми парақшасында өткен тікелей эфир барысында ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл […]
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін тіркеу 18 маусым күні басталады. Тіркеу ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі. «Тіркеу кезінде тестілеу өткізілетін орынды оқуға түсуші өзі таңдайды. Сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында байқау сынағынан өтуге болады. Емтихандар 20 шілдеден басталып, 10 тамызға дейін жалғасады», – деді ҚР БҒМ […]
2021 жылдың 10 – 11 маусымында Түркия мемлекеті Ерзурум қаласындағы Ататүрік университетінде «ЮНУС ЭМРЕ ЖӘНЕ ӨТКЕННЕН БҮГІНГЕ ДЕЙІН» халықаралық түрік симпозиумы өтті. Аталған симпозиумның 3-отырымында «Bolashaq» академиясы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Қ.З. Сембиев «Әз-Замашхаридың «Мукаддимат Әл-Әдәб» Сөздігі» тақырыбында баяндама жасады.
Магистратураға кешенді тестілеуге өтініш ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы 1 маусым-15 шілде аралығында қабылданады. Кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша куәлік электронды түрде тестіленушінің жеке кабинеті арқылы беріледі. Магистратураға кешенді тестілеу 20 шілдеде басталып, 10 тамызға дейін жалғасады. Араб тілі бойынша және шығармашылық емтихандар 16-25 шілде аралығында өтеді. Магистратураға қабылдау […]
?Биылдан бастап докторантураға қабылдау емтиханы электрондық форматта жүргізілетін болады. Үміткерлер компьютерде отырып эссе жазады, докторантурада оқуға дайындығын растау үшін тест тапсырады және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан тапсырады. ?«Биыл докторантураға түсу ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізілді. Докторантураға қабылдау емтиханы алғаш рет тестілеу орталықтарының базасында дербес компьютер арқылы электрондық форматта […]
2021 жылы білім беру гранттарының саны 5 мыңға артады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. «Келесі оқу жылына бакалавриат бағдарламасы бойынша 51 561 грант бөлінді, оның ішіне «Серпін»бағдарламасы кіреді. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге […]
?Жас мемлекеттік қызметші мектебі құжаттар қабылдау басталғандығын хабарлайды! ?Жас мемлекеттік қызметші мектебі – өз мақсатыңызға жету үшін алғашқы қадам. МҚМ аясында сіз екі айлық тағылымдамадан өтіп қана қоймай, тұлғалық даму бойынша оқытудан өтіп, облыстың көшбасшы жастарымен танысасыздар. ?Құжаттар 04.06.2021 – 24.06.2021 аралығында онлайн қабылданады. Қарағанды облысы жоғары оқу орындарының 3-4 […]
ҚР Білім және ғылым министрі Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру туралы сертификат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер енгізді Енді тестілеуге кіргізілген кезде оқуға түсушілер ғимаратқа бір-бірден кіргізіледі. «Оқуға түсушінің жеке басын сәйкестендіру рұқсаттама бойынша және жеке басын куәландыратын құжаттың, ал он алты жасқа толмаған адамдардың орта білім […]
Ташкенттегі самбодан Азия чемпионаты мен самбодан жастар арасындағы Азия біріншілігінде «Bolashaq» академиясының 6В042010 – Құқықтану білім беру бағдарламасының бірінші курс Ю – 20-2 тобының студенті 88 кг салмақ дәрежесінде алтын медальға ие болды. Жарыс жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында өтті. Үздік атағы үшін бүкіл құрлықтың самбистері күресті. Комитеттің мәліметінше, чемпионатқа […]
Қазіргі таңда 123 мыңнан астам талапкер 51 тестілеу пунктінде ҰБТ тапсырды. Оның ішінде 92 458 түлек тестілеуді қазақ тілінде, 30 967 – орыс тілінде, 263 – ағылшын тілінде тапсырды. Ең жоғары балл – 140. 224 түлек тестілеуге кіргізу кезінде аудиторияға тыйым салынған заттарды алып кіруге тырысқаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен […]
Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен Қарағанды пікірсайыс бірлестігі жастарға арналған пікірсайыс курстарын өткізеді. Курстарды АПФ, БПФ, ЛД форматтары бойынша өткізуге Қазақстан мен Қарағандының үздік тренерлері шақырылған. Іс-шараны 11-28 мамыр аралығында онлайн форматта «Youtubе» видеохостингінің «QPB ODK» арнасында тамашалай аласыздар https://youtube.com/channel/UCDZachP6TZwDrpUHkZwTZQA. Курстар жайлы толық ақпарат алу үшін немесе […]
2021 жылдың 23 сәуірінде ZOOM тұғырнамасында ЖМ “Bolashaq”академиясы” кафедраларының оқытушылар құрамы кәсіби бағдар беру мақсатында Жаңаарқа ауданы мектептерінің түлектерімен онлайн-кездесу өткізді. Кездесуге аудан бойынша С.Сейфуллин атындағы мектептің 10-11 сынып оқушылары және ұстаздары қатысты. Шараны Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Б.А. Абылбаева ұйымдастырып, жүргізді. Онлайн кездесуге Академияның ББ бойынша кафедра оқытушылары: пед.ғылымдарының […]
2021 жылдың 22 сәуірінде ZOOM тұғырнамасында “Bolashaq”академиясы” ЖМ кафедрасының оқытушылар құрамы кәсіби бағдар беру мақсатында Шахтинск мектептері түлектерімен онлайн-кездесу өткізді. Шараны Академияның ӘТЖ бойынша проректоры Б.Т.Ахметова жүргізді. Өз кезегінде онлайн-кездесу ұйымдастырушысы, Академия бойынша кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты хатшы Б.А. Абылбаева, ББ бойынша кафедра оқытушылары Мұхатаев М.М., Әбдіжәми А.Ж., Григорчук […]