2024 жылдың 30 наурызында фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушылары “Рамазан үйлесімділік академиясы” мультидисциплинарлық іс-шарасына қатысты. Семинарды ЗАК АстроЗенека Ю-кей Лимитед фармацевтикалық компаниясы ұйымдастырды. Өткізу форматы – гибридті түрде, Алматы қаласында, және Қазақстанның 5 облыс орталығында. Іс-шара барысында эндокринологиялық, кардиологиялық, нефрологиялық және терапевтік пациенттерге арналған диагностикалық және емдік тәсілдердің кең ауқымы талқыланды. […]