Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен Қарағанды пікірсайыс бірлестігі жастарға арналған пікірсайыс курстарын өткізеді. Курстарды АПФ, БПФ, ЛД форматтары бойынша өткізуге Қазақстан мен Қарағандының үздік тренерлері шақырылған. Іс-шараны 11-28 мамыр аралығында онлайн форматта «Youtubе» видеохостингінің «QPB ODK» арнасында тамашалай аласыздар https://youtube.com/channel/UCDZachP6TZwDrpUHkZwTZQA. Курстар жайлы толық ақпарат алу үшін немесе […]
Daily Archives: 11.05.2021
2021 жылғы 7 мамырда Отан қорғаушылар күні барлық әлеуметтік желілерде Жеңіс күніне арналған “Біз ұмытпаймыз… есімізде сақтаймыз” бейнеролигінің тұсаукесері өтті. Роликтің қоюшы-режиссері Акпаров Дияр Бахытович, “Bolashaq” академиясының 2007 жылғы Заң пәндері кафедрасының түлегі. Түсірілімге “Bolashaq” академиясының масс-медиа орталығының директоры Хайруллина Альфия Фаритовна қатысты.
Шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы “Рухани жаңғыру” ұлттық бағдарламасы аясында кураторлық сағаттар топтамасын аяқтады. Бұл шаралар жаһанданудың барлық қазіргі заманғы қатерлері мен сын-қатерлерін ескере отырып, қазақстандықтардың рухани құндылықтарының жандануына бағдарланған ұлттық бірегейлікті сақтауға, қоғам өмірінің алуан түрлі салаларындағы өткеннің көрнекті қайраткерлерінің есімдерін жаңа ұрпақ жадында қайта жаңғыртуға арналған. Биылғы […]