«Bolashaq» Академиясының қолдауымен 2024 жылдың 23 ақпанында «Жастар және қазіргі заманауи әлемдегі мәселелер» тақырыбында өткен студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясының филология бағыты бойынша секциялық мәжілісі өтті.
«Қазақ филологиясы: бүгіні мен болашағы» атты №5 секция жұмысына қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары, жалпы орта білім беретін мектептер мұғалімдері, қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы магистранттары қатысты. Ғылыми-практикалық конференцияның секциялық жиналысында баяндама жасаушылар баяндамаларымен таныстырып, ойларын ортаға салды, сұрақтарға жауап беріп, пікірлерімен алмасты. Секциялық мәжілісі қорытындыланып, ерекшеленгендеріне орындар бөлінді.
1-орын. Батаева Аяулым, Е.АБөкетов атындағы Қарағанды университеті филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты. Мақала тақырыбы: «Т.ЖОЛДАСБЕКҚЫЗЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ БАЗАЛЫҚ КОНЦЕПТІЛЕР РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ».
2-орын. Мұратхан Әужан, қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы 4 курс студенті. Мақала тақырыбы: «ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАЛҒАУЛЫҚТАР ҚЫЗМЕТІ»
2-орын. Төкен Мөлдір, қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 4 курс студенті. Мақала тақырыбы: «КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ ОБРАЗДЫ ТАЛДАУДАҒЫ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР»
3-орын. Сыздық Диляра, Шари Қымбат, Корпебаева Аружан қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы студенттері. Мақала тақырыбы: «ЖАСТАРДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘЛЕМДЕ ТІЛДІК БЕЛСЕНДІЛІКТІ ЖОҒАЛТПАУ МӘСЕЛЕСІ».
3-орын. Шоқпарова Алуа.. қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы 4 курс студенті. Мақала тақырыбы: «МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ПАЙДАЛАНУ»
«Жастар және қазіргі заманауи әлемдегі мәселелер» тақырыбында өткен студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясына білім беру бағдарламасы магистранттарының, әсіресе студенттерінің қызығушылықпен қатысқандығы байқалды.