«Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері студенттермен кездесті

«Bolashaq» Aкадемиясында «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері студенттермен кездесу өткізді. Шараның негізгі мақсаты – жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, қоғамдық өмірге белсене араласуға ынталандыру және көшбасшылық қабілеттерін дамыту болды.

Іс-шара барысында ұйым өкілдері студенттерге қазіргі жастардың қоғамдағы рөлі, олардың белсенді көзқарасы мен әлеуметтік жауапкершілігінің маңызы туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, қатысушыларға ұжымдық жұмыс дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары түсіндірілді.

Баяндамашылар командалық жұмыс мәдениетін нығайтуда тимбилдинг әдістерінің маңызына ерекше тоқталды. Мұндай тәсілдер жастардың ұйымшылдығын арттырып, өзара сенім мен сыйластыққа негізделген орта құруға көмектесетіні атап өтілді. Кездесуде сонымен қатар көшбасшылық қасиеттерді дамыту, студенттердің бастамаларын қолдау және олардың қоғамдық, әлеуметтік жобаларға қатысуына мүмкіндік беру мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тәжірибелік кеңестер мен пайдалы ақпараттар алды. Еркін пікір алмасу түрінде өткен диалог жастардың қызығушылығын арттырып, жаңа идеялар мен бастамалардың туындауына жол ашты.    Мұндай кездесулер академия студенттерінің әлеуметтік белсенділігін арттырумен қатар, олардың бойында отансүйгіштік, жауапкершілік және өз қоғамына пайда әкелуге ұмтылу сияқты қасиеттерді қалыптастыруға зор мүмкіндік береді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.