ЖАЙДАРМАН

Еріктілер жылы аясында Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен ақпанның 26 жұлдызында «Bolashaq» академиясының жиын залында жыл сайынғы, дәстүрлі Жайдарман ойындары өтті. Көптен күткен аталмыш ойынға әр түрлі мамандықтан құралған 7 команда қатысты. Атап айтсақ:

1. «Абзал жандар» (Фармация);

2. «ЖасSTAR» (Педагогика және психология);

3. «Бір үйдің балалары» (Фармация);

4. «Не әңгіме?» (Заң пәндері);

5. «Universe» (Ағылшын тілі);

6. «Өмір ғой!» (Қазақ тілі мен әдебиеті);

7. «Ұнамаса, қарама!» (Фармация).

Әдеттегідей Жайдарман десе, ішкен асын жерге қоятын әзіл сүйер қауым бұл жолы да залға лық толды. Көңілділер мен тапқырлар клубтарының арасында ойын көрсеткен топтардың көбі алғаш рет сахнаға шығып, өз бақтарын сынады.

Бірінші тур – «Сәлемдесу», екінші тур – «Капитандар сайысы» деп аталатын бөлімдерде студенттер уақыт регламенті бойынша өнер көрсетіп, жиналған жұртқа көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жайдарманшылар көбінесе қазіргі таңдағы өзекті тіл мәселесі мен студенттік өмірде болған оқиғалар, махаббат, ата-ана мен баланың қарым-қатынасы, студенттік шақ тақырыптары көрініс тапты. Әр мамандық құрамалары өздерінің ой ұшқырлығын танытты.

Бұл сында «Фармация» мамандығының 2 курс студенттері «Ұнамаса, қарама!» командасы топ жарды. Екінші орынды тек қыздардан ғана құралып, ерекше стильде өнер көрсеткен ағылшын тілінің мамандары «Universe» командасы ұтып алды. Үшінші орынға заңгерлер «Не әңгіме?» командасы ие болды. Екі сайыста да актерлік шеберлігімен көзге көрінген «Universe» командасының капитаны Сыздық Анияш «Үздік ойыншы» номинациясын жеңіп алды.

Осылайша, әзілдері жарасқан жастар еріктілер жылы қарсаңында сүйікті Жайдарман ойындарында жүздесіп қайтты.

Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Мейрбек БАЙШАГИРОВ

Посмотреть и скачать фотографии с мероприятия

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.