Заң пәндері кафедрасында біліктілікті арттыру курстары

2020 жылдың 16-28 қараша аралығында “Bolashaq” Академиясының заң пәндері кафедрасының оқытушылары ҚР ІІМ Б.С.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының базасында “Заң пәндерін оқытудың заманауи әдістері” тақырыбы бойынша 72 сағат көлеміндегі семинардан сәтті өтті.

Әрбір қатысушы үшін біліктілікті арттыру курстары оқытылатын пәнге сәйкес өткізілді.

Сондай-ақ, заң пәндері кафедрасы 09-23 қараша аралығында ҚР ІІМ Б.С. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясындағы әріптестеріне арналған “Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері мен перспективалары” тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Сертификаттарды тапсыру салтанаты 2020 жылдың 09 желтоқсанында біздің академия қабырғасында өтті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.