XVII облыстық Спартакиада ойындары

20 – 27 ақпан аралығында Қарағанды қаласы студент жастары арасында XVII облыстық Спартакиада ойындары өтті.

«Bolashaq» академиясы және «Bolashaq» Жоғарғы Колледжі бірге бақ сынасты.

20 ақпанда Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде Спартакиаданың ашылу салтанаты өтті. Спартакиада спорттың 13 түрінен: баскетбол, үстел теннисі, шахмат, футбол, дойбы, кір спорты, волейбол, арқан тарту, президенттік қоссайыс, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, асық ату және қазақ күресінен өтті.

 Қатысушыларымыз спорттың 11 түрінен сынға түсті.

Денсаулығы мықты адам — табиғаттың ең қымбат жемісі. Сіз де, біз де спортпен шұғылдансақ қоғам да  дами түсері анық. 

Халқымызда «Дені саудың – жаны сау» – деген қанатты сөз бекер айтылмаса керек.

Осы сөзді қағида еткен, шымырлығын көрсеткен студенттерімізге алғысымыз шексіз.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.