2021 жылғы 26 наурызда Қарағанды облысында волонтерлікті дамыту жөніндегі бейресми жобалық топтың (ID-group) екінші отырысы шеңберінде “Волонтерліктің трендтері мен жаңа бағыттары” тақырыбында он-лайн сессия өтті, онда республикалық спикерлердің, сондай-ақ ҚР-дағы халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен волонтерлік қызметтің перспективалары мен трендтері талқыланды.
Аталған іс-шараға “Bolashaq”Академиясының студенттері мен оқытушылары қатысты. Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Әлімжанов Біржан құттықтау сөз сөйледі.
BIRGEMIZ республикалық фронт-офисімен бірлесіп ұйымдастырылған сессия шеңберінде елде және әлемде волонтерлікті дамытудың өзекті мәселелері айтылды.
Қазақстандағы БҰҰ еріктілер бағдарламасының үйлестірушісі Шабаев Никита және “Ұлттық еріктілер желісі” ЗТБ атқарушы директоры Миронюк Татьяна жаңа трендтер мен бағыттар туралы айтып берді.
ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы еріктілер бағдарламасының үйлестірушісі Жаркымбаева Құралай жастардың жаңа волонтерлік бастамалары мен республикалық жобалары туралы хабарлады.
Сессияның екінші бөлімі “Әлеуметтік студенттік несие” жобасына арналды, ол бойынша өзекті ақпаратты ҚР БҒМ “Қаржы орталығы” АҚ департаменті директорының орынбасары Құрмансейіт Ақжол ұсынды.
Сессия Қарағанды облысының республикалық және халықаралық деңгейдегі ынтымақтастығына оң үлес қосқан және волонтерлік ұйымдардың ұйымшыл және саналы жұмысына уәждемені қалыптастыратын кезекті іс-шара болды.
Дереккөз: https://www.instagram.com/p/CM4kXyDLYzI/