Заң факультетінің студенті болған кезде, мен алдыма кәсіби заңгер болу мақсатын қойдым, сондықтан менің уақытымның 80% – ы оқуға, кітаптар, қағаздармен жұмыс істеуге кететін, ал кеш сайын құрылыс алаңына күзетші болып жұмыс істеуге үлгеруге тырыстым, содан кейін таң атпай жанармай құю станциясына жұмыс істеуге бардым, содан кейін оқуға жүгірдім. Бұл тәжірибе ұмытылмастай болды. Үнемі сабаққа дайындалу және түнгі кітап оқулар ақталып жатыр деп айтуға болады.
Менің студенттік жылдарымда ең алдымен оқытушыларым есімде қалды. Мен әрқашан Лухтин Юрий Ивановичті жылы лебізбен еске аламын. Бұл өз ісінің адамы еді. Барлық курстар әрқашан оның дәрістеріне қатысуға тырысты. Оның дәрістеріне қатысу жүз пайыз болды.
Біз осындай адамдардан үлгі алдық және олардың бізге берген білімдері үшін өте ризамыз.
Болашақта әрқашан қызықты атмосфера болды, барлығы дәл отбасындағыдай секілді болатын. Дәл осы Болашақ мен үшін болашаққа бастама болды, ол мені адамдарды бағалай білуге үйретті, мен осы күнге дейін қарым-қатынас жасайтын достар таптым, біз әлі күнге дейін сол достарымызбен отырыстар ұйымдастырамыз, біздің оқытушыларды, студенттік өмірімізді еске түсіреміз. Бұл сондай керемет кезеңдер еді! Сөз жоқ! Мұны тек сезіну керек!
Дияр Бақытұлы Ақпаров, заң пәндері кафедрасының 2007 жылғы түлегі