Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі!

«BOLASHAQ» Академиясының 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті», 6В01703 – «Қазақ және орыс тілінде білім беретін мекемелердегі қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламаларының К-21-1, КР-21-1 топтарының студенттері мен топ кураторы Н.К. Касетованың жетекшілігімен «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында кураторлық сағаты өтті.

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Бұл тақырып арқылы студенттерге сыбайлас жемқорлық туралы жан-жақты мәлімет бере отырып, одан сақтану жолдарын, алдына алу мәселелері қарастырылды.

ҚР “Сыбайлас – жемқорлықпен күрес туралы” заңы сыбайлас – жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “… мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай – ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай – ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.

Іс-шара барысында бейнежазба көрсетілді, студенттер өз көзқарастарын білдіріп, ой-пікірлерін ортаға салды.

https://www.youtube.com/watch?v=D-ha918bSaU

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.