Студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту, азаматтық жауапкершілікті арттыру бойынша белсенді студенттерге арналған семинар

«Bolashaq» академиясында студенттік өзін-өзі басқару активінің қатысуымен ӘТЖ проректоры Р.Н. Исмаилова мен ЖІК төрағасы М. К. Байшағыров ұйымдастырған семинар өтті. ПиФД кафедрасының аға оқытушылары Г. К. Отыншиева, С. Н. Қуанышева «Студенттік өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында оқытушылар оқу орны үшін студенттік активтің рөлі және қоғамдық жұмыстарды орындау кезіндегі жауапкершілік сияқты тақырыптарға егжей-тегжейлі тоқталды. Семинарда студенттік өзін-өзі басқару жұмысын дамыту бойынша жаңа идеялар талқыланды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.