Іс-шараға ИН-24-1 тобының 4-курс студенттері және №1 гимназиясының 11 «А» сынып оқушылары қатысты. Ұйымдастырушылар – кафедра филиалының жетекшісі А.Ы Альжанова . және ИН-24-1 тобының студенті Терещенко В.

Кездесудің басты мақсаты – ағылшын тіліндегі коммуникативтік дағдыларды дамыту, сыни ойлау қабілетін қалыптастыру, шет тілдерін үйренуге деген қызығушылықты арттыру және технологиялық прогресс мәселелерін талқылау. Талқылау барысында қатысушылар технологиялардың қарқынды дамуының оң және теріс жақтарын қарастырды. Әсіресе, жасанды интеллектінің артықшылықтары мен ықтимал қауіптері, білім беру үдерісінің цифрландырылуы және дәстүрлі оқыту әдістеріне әсері, сондай-ақ технологияларды пайдаланудың этикалық аспектілері, оның ішінде жеке деректердің құпиялылығы мен цифрлық тәуелділік мәселелері кеңінен сөз болды.
Іс-шара қатысушылардың ағылшын тіліндегі жоғары деңгейдегі қарым-қатынас дағдыларын, аналитикалық ойлау қабілеттерін және өз көзқарастарын дәлелдей білу шеберлігін көрсетуіне мүмкіндік берді. Осындай кездесулер студенттердің білім аясын кеңейтіп, мәдениетаралық коммуникация дағдыларын жетілдіруге және қазіргі әлемдегі технологиялардың рөлі туралы түсінігін қалыптастыруға ықпал етеді. «Шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы» Speaking Club тәжірибесін жалғастырып, студенттер мен оқушыларды ағылшын тілінде өзекті тақырыптарды талқылауға белсенді түрде тартуды жоспарлап отыр.