2023 жылғы 18-19 мамыр күндері жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі А.У. Илясова саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі ретінде жобалық кеңсенің басшысы С. А. Қасымовпен және осы проблемаларды зерттеуші ғалымдар мен зерттеушілер құрамының өңірлік жұмыс тобымен бірге 1920-1950 жылдардағы Қарқаралы ауданының Қарқаралы қаласындағы мемлекеттік мұрағатының қорларын зерттеді, Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағатының, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқарма мұрағатының және Қарағанды облысының ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі мемлекеттік мұрағатының қорларымен танысты.
Бұрын зерттелмеген және ғылыми айналымға енгізілмеген мұрағаттық құжаттарға, мысалы, ауылдық, селолық округтердің, аудандық атқару комитеттерінің байлар пен кулактардың мүлкін тәркілеу; халық көтерілістері мен наразылықтарын басу жөніндегі шешімдеріне; Қарқаралы ауданының халық соты, Қарқаралы аудандық прокуратурасы, Қарқаралы ауданының ауылдық кеңестерінің құжаттарына ерекше назар аударылды.
Бұдан басқа, облыстық атқару комитетінің, аудандық атқару комитетінің, ауылдық округтердің қорлары; облыстық прокуратураның, облыстық соттың, облыстық және аудандық парткомиссияның, Тельман аудандық компартиясының тоталитарлық жүйемен қайта қуғын-сүргінге ұшыраған және саяси баптар бойынша азаматтарды антисоветтік және контрреволюциялық элементтер ретінде айыптау процесін көрсететін тұлғалар бойынша мәліметтерді қамтитын құжаттары қарастырылды. Анықталған құжаттар жан-жақты тарихи-құқықтық талдауға жатады.