“Bolashaq” академиясында Қазақстан Республикасының Рухани келісім күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
“Біздің басты байлығымыз-әл-ауқат пен бірлік, тұрақтылық пен тыныштық, бейбітшілік пен келісім”.
Қ.К.Тоқаев .
Бұл күн біздің тәуелсіз мемлекетіміздің күнтізбесінде 18 қазанда белгіленіп, 1992 жылы Бірінші дүниежүзілік Рухани келісім конгресінде Манифесттің қабылдануының маңызды күні ретінде бекітілді, оның мақсаты-елдің одан әрі бейбіт және табысты дамуы үшін Қазақстанның көпұлтты халқының рухани құндылықтарын нығайту.
Көрмеде толерантты қоғамдық сана, конфессияаралық және этносаралық келісім мәдениеті идеяларын ашатын тарих, философия, дін, педагогика туралы кітаптар ұсынылған.”Рухани келісім әлемі -Мир духовного согласия” көрмесі академияның әкімшілік корпусында, Қарағанды қаласы, Абай көшесі, 17-үй мекенжайында көрсетіледі.