«Bolashaq» Академиясының ректоры Аданов Қуанышбек Бұланұлы филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ПҒА-ның құрметті академигі Хамзин Мәуен Хамзиновичпен кездесу өткізді.

Хамзин Мәуен Хамзинович – білім беру саласындағы үлкен тәжірибе иесі, көптеген жылдар бойы жас ұрпаққа білім берумен қатар, ғылымға да елеулі үлес қосқан тұлға. Ректор Қуанышбек Аданов өз кезегінде Хамзин Мәуен Хамзиновичтің Академияның дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтіп, онымен жиі кездесулер білім беру саласын жетілдіру жолындағы маңызды қадамдар екендігі туралы өз ойын білдірді. Мұндай кездесулер Академияның болашақтағы дамуы мен білім беру сапасын арттыру бағытында үлкен маңызға ие.

Хамзин Мәуен Хамзинович:
Филология ғылымдарының докторы (1998), профессор (2001). Жезқазған университетінің Құрметті профессоры (2015). Жалпы еңбек өтілі – 56 жыл, оның ішінде пед.өтілі – 52 жыл.
Мемлекеттік марапаттары:
«За воинскую доблесть в ознаменование 100 летия В.И.Ленина» мерейтойлық медаль (1970). «Ерен еңбегі үшін» медалі (2017).
Салалық марапаттары: «Еңбек ардагері» медалі (1991), Қазақ КСР оқу-ағарту ісінің үздігі (1991), Шет ауданының Құрметті азаматы (2000), Мәдениет қайраткері (2009), Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі (2009), ҚР ЖОО-ның қауымдаст. А.Байтұрсынов ат.күміс медалі (2011), ҚР ЖОО үздік оқытушысы (2015), «Тіл майталманы» Қарағанды облысы әкімінің сыйлығының (2013), Облыс әкімінің Құрмет грамоталары (2009, 2019), Білім академиясының, Ұлттық музейдің т.б алғыс хаттарының иегері.
Еңбектері:
200-ден астам ғылыми мақаланың, 2 оқу-құралы, 1 оқу-әдістемелік құрал, 2 оқулық, 3 монографияның авторы. «Сәкен Сейфуллин», «Қаз дауысты Қазыбек би», «Бұқар жырау», «Әбілқас Сағынов», «Нұра ауданы» энциклопедиялары редакция алқасының мүшесі.