25 қазан — Қазақстан Республикасы күні мерекесі қарсаңында «Bolashaq» академиясы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Мауен Хамзин Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен “Құрмет” орденімен марапатталды.

Бұл жоғары марапат – профессор Мауен Хамзиннің еліміздің білім беру саласына сіңірген зор еңбегінің, жас ұрпаққа сапалы білім мен тәлім-тәрбие берудегі қажырлы қызметінің мемлекет тарапынан лайықты мойындалуы. Профессор Мауен Хамзин – қазақ тілі мен әдебиеті саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп келе жатқан ұлағатты ұстаз, ғылым мен руханияттың өркендеуіне зор үлес қосқан тұлға.

“Bolashaq” Академиясының ұжымы Мауен Хамзинді осы мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтай отырып,
мықты денсаулық, шығармашылық табыс және жаңа биіктерді бағындыруына тілек білдіреді.
Марапат құтты болсын!