2023 жылдың 10 наурызында Педагогика кафедрасының онлайн режимінде Skype платформасында «Bolashaq» Академиясының түлектерімен кездесу ұйымдастырып, сұхбат өткізді.
Сұхбатқа әр жылдардағы түлектер қатысты.
«Әр жоғары оқу орнының атқарып жатқан жұмысының айқын көрсеткіші – ол түлектері. Түлектерінің жеткен жетістігі. Сол тұрғыдан алып қарағанда, біздің Академия өз түлектерімен мақтана алады.
Кездесуге қатысқан біздің түлектеріміз мектептерде бастауыш сынып мұғалімдері, тәрбиешілер, педагог-психологтар, олардың көпшілігі педагог-сарапшы, оқу ісінің меңгерушісі, мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен директорлары болып табысты жұмыс істейді.
Түлектеріміз 6В01301 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», 6В01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 6В01101 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан бітіруші түлектердің сұрақтарына жауап беріп, кеңестермен бөлісіп, маңызды мағлұматтармен бөлісті. «Bolashaq» академиясында оқу кезеңінің қызықты тарихын еске алды, өздерінің кәсіби жетістіктері туралы айтты.
Іс-шара достық және шығармашылық атмосферада өтті, түлектер кейіннен де осындай кездесулерге қатысуға ниет білдірді.
«Біз бұл өзіміз бітірген киелі ордамызда өмірлік ұстанымымызды нығайттық, мол тәлім-тәрбие, зерделі білім алдық. Біз үшін бұл Академия әрдайым ыстық. Академия түлегі ретінде кездесуге арнайы шақырғандарыңыз үшін алғыс айтамыз», — деп, түлектер жылы лебіздерін білдірді.
Жиында Академия түлектері студенттік күндерінің ұмытылмастай ерекше болғанын, әрбір өткен қызықты шақ мәңгі есте сақталатындығын айтты.