“Bolashaq” академиясының ғалымдары 2022 жылдың 31 наурызында Қарағанды облысы ҚХА Достық үйінде өткен “Орталық Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы ашаршылық: архивтік құжаттар мен естеліктер жинағы” кітабының тұсаукесері аясындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
Дөңгелек үстелдің модераторы-Басқарма Төрағасы-академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры, з.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА-ның корр-мүшесі
Н.О.Дулатбеков: “Қазір Қарағандыда республикалық комиссиямен қатар ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы ашаршылықты зерттеу жөніндегі облыстық комиссия жұмыс істейді. Біздің университет ғалымдарының командасы да осы жұмысқа өз үлестерін қосуда. Біз облыс архивтеріндегі материалдарды зерттеп, куәгерлер мен олардың ұрпақтарының естеліктерін жазып алуға шешім қабылдадық. “Голод 1931-1933 в Центральном Казахстане: сборник архивных документов и воспоминаний” кітабы қазақ және орыс тілдерінде жазылған, ал қазір дайындалып жатыр және ағылшын тілінде, оны шетелге жіберуге болады. Біздің ғылыми тобымыз тарихшылар мен филологтардан басқа заңгерлерді де қамтыды, басылымды құрастырумен біз бір жылдан астам уақыт айналыстық”,- деп атап өтті.
Іс-шарада жинақты құрастырушылар т.ғ.д., археология, этнология және отандық тарих кафедрасының профессор-зерттеушісі З.Г. Сақтағанова “Қарағанды өңіріндегі ашаршылық туралы мұрағаттық құжаттар” , ф. ғ. к., Г.А. Мейрамов атындағы орыс тілі және әдебиеті кафедрасының ассистенті Ж.Ж. Ибраимова “Орталық Қазақстандағы ашаршылыққа ұшыраған адамдардың есімдері”; ф. ғ. к., Г. А. Мейрамов атындағы орыс тілі және әдебиеті кафедрасының ассистенті Л. М. Харитонова “Аштық арнайы қоныс аударушылардың көзімен”; ф.ғ. к., Г.А. Мейрамов атындағы орыс тілі және әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры А.Т. Мустояпова “Даладағы ашаршылық” тақырыбында баяндама жасады.
Жинақта Орталық Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы ашаршылыққа қатысты архивтік құжаттар мен естеліктер материалдары бар. Мұрағат қорындағы әр түрлі құжаттар оқырмандарға Қазақстан деревнялары мен ауылындағы кулактарды жоюмен және дебаизациялаумен, Сталиндік күш ұжымдастырумен, көшпелі қазақ шаруашылықтарының күштеп отырықшыландырумен, республикада ірі қара, ет және нан өнімдерін дайындаумен, ашаршылық пен індетпен байланысты Қазақстанның Кеңестік тарихының күрделі кезеңін ашып көрсетеді. Кітап орталық және облыстық Қазақстан мұрағаттарынан бұрын жарияланбаған мұрағат материалдарын, сондай-ақ дөңгелек үстел жұмысына қатысқан ашаршылық куәгерлерінің ұрпақтары сақтаған естеліктерін ғылыми айналымға енгізеді. Басылым 100 дана таралыммен шығарылды,және ол зерттеушілерге, студенттерге, сондай-ақ Қазақстан тарихына қызығатын қалың оқырманға арналған.