ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ ПӘНДЕРІНЕН ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА

2022 жылдың 11 ақпанында “Bolashaq” академиясында фармацевтикалық пәндер кафедрасы химия және биология пәндері бойынша оқушыларға арналған облыстық олимпиаданың II турын өткізді.

I, II және III орын алған жеңімпаздарға бір жылдық оқу үшін ректордың гранттары бар сертификаттар беріледі.

Биология пәнін мемлекеттік тілде оқыту бойынша олимпиаданың жүлдегерлері атанды:

1 орын – Жукей Гулжан – Теміртау қ., “№9 Лицей” КММ

2 орын- Байсариева Жазира -Қарағанды қ. ” Ә. Бөкейхан атындағы ЖББМ”

3 орын- Байлен Айгерім -Шет ауданы, Талды ЖББМ.

Биология пәнін орыс тілінде оқыту бойынша олимпиада жүлдегерлері атанды:

1 орын – Степанова Анастасия – “№12 Тірек мектебі (ресурстық орталық)” КММ, Осакаров ауданы

2 орын – Тибенко Татьяна – “№23 Тірек мектебі (ресурстық орталық)” КММ, Осакаров ауданы, Молодежный кенті

3 орын – Корж Надежда – №13 мектеп, Осакаров ауданы, Озерное селосы

Химия пәнін мемлекеттік тілде оқыту бойынша олимпиада жүлдегерлері атанды:

1 орын – Анафия Гүлжан  Теміртау қ., Республика 73, КММ «Лицей 9»

2 орын – Қожабаева Құндыз – Қарағанды қ., №76 мектеп

3 орын – Өмірзақ Гүлмира – Жезқазған қ., Мұса-Жәлел көшесі 1. «Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің Қаныш Сәтбаев атындағы №7 мектеп лицейі» КММ.

Химия пәнін орыс тілінде оқыту бойынша олимпиада жүлдегерлері атанды:

1 орын – Елемесова Камила – Жезқазған қ.,”№26 Гимназия ” КММ

2 орын – Бычкова Софья – Жезқазған қаласы, №4 мектеп

3 орын – Штер Давид – “№26 Тірек мектебі (ресурстық орталық)” КММ, Осакаров ауданы

Олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Сертификаттарды тапсыру күні туралы ақпарат қосымша жарияланады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.