2023 жылғы 13 қаңтарда “Bolashaq” академиясында алдын-ала шақырылған спикерлердің қатысуымен “Оқу процесінде ПОҚ-тың цифрлық технологияларды қолдануы” тақырыбындағы әдістемелік семинар өтті.
Семинар спикерлері:
Летяйкина Т. А., “KazTEA” ағылшын тілі мұғалімдері мен оқытушылары қауымдастығының заңды тұлғалар бірлестігінің (ЗТБ) президенті (https://kaz-tea.kz/en/ (Шымкент қ.).
Шелестова Т.Ю., PhD, “Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті” КЕАҚ қауымдастырылған профессоры (https://buketov.edu.kz/en/page/research).
Қалижанова А. Н., филология ғылымдарының магистрі, ” Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті” КЕАҚ аға оқытушысы.
Будикова Ж.А., “Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті ” КЕАҚ, 2-курс магистранты.
Семинарды Летяйкина Т.А. бастады, ол оқу процесінде АКТ қолдану бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жобалары шеңберінде қауымдастықтың жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Шымкенттен келген спикер жоғары деңгейлі тапсырмалар үшін веб-қосымшаларды пайдалану мәселелерін қозғады, сондай-ақ пікірталас форумдарында (онлайн) және фасилитациялық сессиялар барысында (офлайн) білім алушылар тарапынан проблемалық мәселелерді талқылауға деген пассивті көзқарас туралы айтты.
Әрі қарай семинар модераторы, ЖББ кафедрасы меңгерушісі А. У. Илясова postcrossing технологиясын қолдану тәжірибесімен бөлісе отырып (https://www.postcrossing.com/), “Өлкетану” пәні аясында туған өлкені танымал ету және студент жастардың белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеу үшін семинарға қатысушыларды ғылыми-зерттеу мекемелерінің ресурстарымен таныстырды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы, онда музей залдары бойынша виртуалды 3D тур жасауға және ұсынылған экспонаттармен https://nmrk.kz/ru/ сілтемесі бойынша танысуға болады.
-Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өлкетану бойынша ұсынылған ресурстар өлке тарихы туралы көптеген сұрақтарға жауап береді және бұл жерде “https://blog.karlib.kz/ru/node/136 сілтемесі бойынша “Сіз өз қалаңыз туралы не білесіз?” тақырыбындағы интерактивті викторинаға қатысуға болады.
А. Н. Қалижанова “Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті” КЕАҚ археология және этнография музейінің тақырыптамасы бойынша мұражай подкасттарын құру тәжірибесі және олардың сандық және медиа сауаттылық, мәдениетаралық коммуникация және коннективизм, яғни өзара оқыту немесе “көпшіліктің даналығын” білу сияқты жаһандық құзыреттіліктерді қамтитын педагогикалық әлеуеті және пәнаралық зерттеулердің артықшылықтары туралы айтып өтті.
Т.Ю. Шелестова ғылым мен білім беруде “уытты” (іліктіретін) тақырыптарды таңдау мен құрудың маңыздылығы туралы шағын интерактив жүргізіп, семинарға қатысушыларға бірқатар қызықты тапсырмалар берді.
Семинар соңында Ж.А. Будикова фасилитациялық сессияның фрагментін модельдеді, онда семинарға қатысушылар алдымен шағын топтарда проблемалық мәселелерді талқылады, содан кейін әр топтың өкілдері консенсус табуға тырысты және олар жетістікке жетті.
Семинарға 70 адам қатысты және аталған іс-шара жемісті әрі қызықты өтті.
Семинар ресурстарына сілтемелер:
https://kaz-tea.kz/ru/projects/nauchnoe-issledovanie-s-buketov-university -жоба және жоба шеңберіндегі АКТ туралы
https://anchor.fm/anna-kalizhanova – “Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті” КЕАҚ археология және этнография музейінің тақырыптамасы бойынша мұражай подкасттары