«Екі Жұлдыз-2024» сайысы

23 сәуір күні «Bolashaq» Академиясында жыл сайынғы дәстүрлі «Екі Жұлдыз-2024» сайысы өтті.Осы жылғы конкурстың тақырыбы – махаббат жайында болды.Конкурс академия оқытушылары мен студенттерінің дуэт құруы арқылы өтті.

Сайысқа қатысушылар:
1 жұп:Коржумбаева Марал Берекеловна және Джирембаева Николь;


2 жұп:Жүкен Іңкәр Асығатқызы және Кадрин Тілеген;


3 жұп:Шутенова Сабира Сартаевна және Шари Қымбат;


4 жұп:Тутай Дарын Сұлтанғалиұлы және Кусаинова Айгерім;


5 жұп:Абрешова Мадина Каббасовна және Хағазбай Ұлжан;


6 жұп:Смирнов Станислав Юрьевич және Шитова Екатерина.


Жұптар арасында өткен тартысты сайысқа әділ бағасын беруші әділ-қазы алқалары қатарында іс-шара ұйымдастырушы Берешов Нұрсұлтан, Қарағанды қаласына танымал әнші-шоумен Дәуренбек Ақылбек,Халықаралық Республикалық және қалалық конкурстар жеңімпазы Жумагулова Арайлым болды.Конкурс соңында әділ-қазы алқалары шешім шығарғанша,академиямыздың белсенді студенттері Оңдасынова Мадина және Алматұлы Ақжол әндерін тарту етті.


Әділ-қазы алқаларының шешімі бойынша «Екі Жұлдыз-2024» атағына Шутенова Сабира Сартаевна және Шари Қымбат “Ләйлім” әнін орындап ие болды.1-ші орынға Смирнов Станислав Юрьевич және Шитова Екатерина “Аквариум-Город” әнін,2-ші орынға Абрешова Мадина Каббасовна және Хағазбай Ұлжан “Perfect” әнін,3-ші орынға Жүкен Іңкәр Асығатқызы және Кадрин Тілеген “Махаббат” әнін орындап ие болды.Коржумбаева Марал Берекеловна және Джирембаева Николь “Айқаракөз”әнін,Тутай Дарын Сұлтанғалиұлы және Кусаинова Айгерім “Happy end” әнін орындап,«Өнегелі өнер» номинациясымен марапатталды.

Кеш соңында әділ-қазы алқасы құрамында болған танымал әнші-шоумен Дәуренбек Ақылбек «Сенсіз» әнін орындап берді.


Конкурсқа қатысқан оқытушылар мен студенттерге алғыс айта отырып,шығармашылық табыс тілейміз.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.