Болашақта педагог болар тұлғаның теориялық білімін тәжірибемен алғаш ұштастыратын – өндірістік іс-тәжірибе. Академия студенттерінің іс-тәжірибесі жоғары білімді маман дайындаудың стандарттарына толық сай. Атап айтқанда, іс-тәжірибе барысында орта білім беру ұйымдарындағы білікті ұстаздардың тағылымынан өтеді. Студенттер іс-тәжірибесі ЖОО-да алған теориялық білімін тәжірибемен байланыстыруға бағытталған.


2024 жылдың 29 қаңтарында «Bolashaq» академиясы «Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ 4-курс студенттерінің өндірістік іс-тәжірибесі басталды. Практика жетекшілері студенттермен бірге мектептерге барып, студенттерді мектеппен, пән мұғалімдерімен, сынып оқушыларымен таныстырды. Іс-тәжірибе кезінде студенттердің кәсіби білік-дағдысы қалыптасады. Шығармашылық белсенділігі артады, ұстаз ретінде кәсіби шешім қабылдауға, ой қорытуға дағдыланады. Өндірістік іс-тәжірибеден өтетін білім алушыларға сәттілік тілейміз.


