Жоғары білім сапасының көрсеткіштерінің бірі-студенттің бәсекеге қабілеттілігі, әртүрлі деңгейдегі конкурстарға қатысу кезінде көрінетін ғылымның әртүрлі салаларындағы құзыреттілігі.
“Bolashaq” академиясының студенттері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған IX “Мен жастарға сенемін!” республикалық студенттік жастардың патриоттық форумы аясында жыл сайын өткізілетін “Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім” атты студенттік әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобалардың байқауына қатысты.
Байқаудың мақсаты -“Рухани Жаңғыру” бағдарламасы аясында өңірлердің саяси, мәдени және экологиялық дамуына, өзекті әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған студент-жас кәсіпкерлердің үздік әлеуметтік маңызды бизнес-бастамаларын қолдау.
Байқауға Қазақстанның жоғары оқу орындарының 2000-нан астам студенттері қатысты. Байқауға қатысушылар келесі тақырыптық бағыттар бойынша жұмыстар ұсынды:
-“елдің инновациялық дамуына менің нақты үлесім”инновациялық әлеуметтік маңызы бар жоба;
-“туған табиғатты қорғау-азаматтық парыз!»;
-поэтикалық шығарма “Мен жастарға сенемін!» ;
-“Sanaly urpaq” сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасы; “Мен өз елімнің өркендеуі үшін не істей аламын?»;
– өзге этнос жастары арасында “Қазақ тілі-татулық тілі” , мәнерлеп оқу;
-“Тәуелсіздік және Жастар” суреті және “Дәрігер-құрметті мамандық!» бейнежазбасы.
Жұмыстарды тыңдауды құзыретті, тәуелсіз қазылар алқасы талдады.
25-26 қараша күндері ” Мен жастарға сенемін!” салтанатты марапаттау рәсімінде қорытынды шығарылып, байқау жеңімпаздары аталды.
“Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім” атты үздік студенттік инновациялық әлеуметтік маңызды жоба номинациясында Жампейісова Лаураның (ДОВ-19-1) және Драпова Иринаның (ДОВ-21-1к) байқау жұмыстары атап өтілді.
Басқа этнос жастары арасындағы “Қазақ тілі – татулық тілі” атты мәнерлеп оқу номинациясында студенттер Назарова Дильназдың ( ПиП-19-1), Извекова Лераның (ПиП-21-1к) көркем оқулары атап өтілді.
“Bolashaq” академиясының студенттері байқауға қатысқан күндері туралы өз әсерлерімен бөлісті.
Пікір: “Форумның екі күні өте қызықты болды. Еліміздің түрлі жоғары оқу орындарының студенттерімен тілдесу ұмытылмас әсер қалдырды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Қазақстан жастар форумын ұйымдастырғаны үшін, ал біздің “Bolashaq” академиямыздың осындай орасан зор іс-шараларға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреміз” (Жампейісова Лаура)