“Мен өз пікіріммен бөліскім келетін Қазақстанның ежелгі флорасы мен фаунасының тарихы” атты ашық хаттар байқауының қорытындылары

“Мен өз пікіріммен бөліскім келетін Қазақстанның ежелгі флорасы мен фаунасының тарихы” республикалық ашық хаттар байқауы “Рухани жаңғыру” бағдарламасының “Туған жер” арнайы жобасын іске асыру жөніндегі “Bolashaq” академиясының “Руханият” ғылыми-зерттеу орталығының жоспары аясында жүзеге асырылды. Байқаудың бірлескен ұйымдастырушылары Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің биология-география факультеті, Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы, “Pastila”интернет-дүкені болды.

Байқаудың мақсаттары:

  • Балалар мен жастардың туған өлкенің табиғи және мәдени мұрасына құндылық қатынасын тәрбиелеу.
  • Қазақстан аумағындағы динозаврлардың бірегей тарихын зерттеу.
  • Қоршаған ортаға, фауналық және флористикалық әлемге ұқыпты қарауды насихаттау.
  • Қазақстанның тарихи мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау.

Міндеттері:

  • білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
  • оқушылардың назарын туған жерінің табиғи және мәдени мұрасын зерттеуге және сақтауға аудару;
  • Отанға деген патриоттық қатынасты дамыту, оған деген рухани байланыстарға ықпал ету;
  • оқушылардың әлеуметтік белсенділігін арттыру, өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
  • балалар шығармашылығын насихаттау, жетілдіру және дамыту.

“Мен өз пікіріммен бөліскім келетін Қазақстанның ежелгі флорасы мен фаунасының тарихы” республикалық ашық хаттар конкурсының ұйымдастыру комитетіне 2020 жылғы 15 желтоқсаннан 2021 жылғы 1 ақпанға дейін 147 қатысушыдан өтінімдер келіп түсті, оның ішінде конкурстық комиссия 142 жұмысты қарады. 5 жұмыс экрандалған шығармалардан көшіріліп, байқау тақырыптарына сәйкес келмеді:

  1. Қазақстан-қазбалы өсімдіктер мен жануарлар мекені.
  2. Юра кезеңі Қазақстан аумағында.
  3. “Қазақстанозавр” – барлық су динозаврларының атасы.
  4. Динозавр-адамның досы.
  5. Қазақстан аумағында тіршілік ететін қазбалы жануарлар мен өсімдіктер.

Қазылар алқасының құрамына кіргендер:

  • Кудабаева Бибигуль Сагинтаевна. Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының басшысы;
  • Колесникова Ирина Евгеньевна. “Pastila” пошталық ашық хаттар интернет-дүкенінің басшысы;

– Gareth Dyke. Жұмысы құстар мен олардың динозавр туыстарының эволюциялық тарихымен байланысты Британдық палеонтолог ғалым;

– Айдар Мұратұлы Айтқұлов. Биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің физиология кафедрасының профессоры;

  • Ибраева Баян Мұқышқызы. Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.”Bolashaq ” академиясының Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының профессоры;
  • Ишмуратова Маргарита Юлаевна. Биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ботаника кафедрасының профессоры;
  • Малахов Дмитрий. “ҰҒЗТО” АҚ-ның Жерді қашықтықтан зондтау департаментінің жетекші ғылыми қызметкері;
  • Машарипова Екатерина Алексеевна. “Белкакардс” ашық хаттар дүкенінің иесі (Санкт-Петербург қ., РФ);
  • Марышкина Таисия Владимировна.”Bolashaq” академиясының Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі;
  • Исина Жұлдыз Еркінқызы. Модульдік оригами шебері;
  • Колина Анастасия Эдуардовна. Штаттан тыс графикалық дизайнер, посткроссер (Могилев, Беларусь Республикасы).

Байқауға ұсынылған әр жұмысқа қазылар алқасының мүшелері 1-ден 10-ға дейінгі шкала бойынша өз балдарын қойды. Барлық нәтижелер бірыңғай ведомость қағазына жинақталып, конкурс жеңімпаздары анықталды. Байқаудың қазылар алқасы байқау жұмыстары туралы өз әсерлерімен бөлісті.

“Bolashaq” академиясы” ЖМ – ның Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының профессоры Ибраева Баян Мұқышқызы конкурсқа қатысушылардың жасына назар аудара отырып, өз ойы бойынша конкурстың мәніне жақсырақ сәйкес келетіндерді атап өтіп, жұмыстарды бірінші болып бағалады. Баян Мұқышқызына балалардың қолмен салған жұмыстары өте ұнады.

Өз кезегінде, “Bolashaq “академиясы” ЖМ-ның Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының аға оқытушысы Таисия Владимировна Марышкинаны технологияны жақсы білетін адам ретінде фотосуреттерден жасалған цифрлық ашықхаттар түріндегі жұмыстар қызықтырды.

Қазылар алқасының мүшесі Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының жетекшісі Б.С. Құдабаева байқауға ұсынылған жұмыстарды балалардың өздері орындау тұрғысынан қарастырды. “Өкінішке орай, бірқатар суреттер бояулардан көшіріліп, ересектердің көмегімен орындалған, бірақ ерекше, ойлы және шығармашылық суреттер көп екендігі қуантады”, деп атап өтті Бибігүл Сағынтайқызы,

“Pastila” интернет-ашықхаттар дүкені байқауының демеушісінің пікірінше, гран-при және I орын алған жұмыстар ашық хаттар форматы үшін өте қолайлы: барлық түс гаммасы сақталған, бүкіл сурет байқау тақырыбы бойынша ашық хаттар сияқты назар аударады, жұмыстарды орындау кезіндегі ұқыптылығы байқалады. Петренко Дарьяның жұмысы да ашықхаттағы элементтердің пропорцияларының дұрыс сақталуымен ұйымдастырылған түрде орындалғандығы туралы атап өтілді. Шляхова Таисияның салған суреті де әдемі болып шыққан, ол дәстүрлі, бірақ сонымен бірге қызықты, аттың орнына ашықхаттағы динозавр күлкілі болып көрінеді. Пехтерева Иринаның суретінің де өзіндік ерекшелігі байқалады.

Жақыннан қарағанда Гауди стиліне ұқсастығы байқалатын Қыздарбеков Тимурдың жұмысы ыждаһаттылық пен шыдамдылық танытқандығымен ерекшеленеді. Александра Кривошееваның суреті өте дәстүрлі түрде орындалған, бұл бүкіл Қазақстанды жақсы бейнелейді. Қазылар алқасына еліміздің өңірлерінің түс гаммасы мен карта түріндегі көрінісі ұнады, бұл танымдық ресурс ретінде өте құнды.

Байқаудың демеушісінің ойынша сюжеттің дәстүрлілігіне қарамастан, Кривошеева Александраның бұл жұмысы Британдық палеонтолог Гарет Дайк үшін ерекше сүйікті болды.

Жобаның демеушісі графикасын және анықтығын мақтап, оны логотип үшін өте жақсы деп атаған Морозов Русланның жұмысына Гареттің әріптесі Дмитрий Малахов жалғыз жоғары балл берді.

Модульдік оригами шебері Жұлдыз Еркінқызы ұсынылған әр суретке көптеген тарихи білім, көркемдік шеберлік және шығармашылық дағдылар жұмсалғанын атап өтті. Қатысушылар Қазақстанның ежелгі флорасы мен фаунасына қатысты өздерінің композициялық көзқарастарын ашып, тарих барысын байланыстырып, уақыт ішінде саяхат жасады.

“Пастила” Интернет-дүкенінің жетекшісі Ирина Евгеньевна ашықхатта көзге жақсы түсетін Клевцова Дарьяның өте жарқын, көркем түрде салынған жұмысын кәсіби тұрғыдан ерекше атап өтті. Ежелгі сүтқоректілердің түрі ерекше көрсетілген Шашубаева Айшаның Қазақстан картасымен салынған балалар суретінде бірегейлік байқалады. Төлеубаева Бақытгүлдің суреті қызығарлық – әдемі динозавр ашықхатта балалар суреті сияқты тамаша көрінеді.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің биология-география факультетінің республикалық ашық хаттар байқауының бірлескен ұйымдастырушысы Маргарита Юлаевна Ишмуратова мен Айткулов Айдар Муратович фавориттердің таңдауына сыни көзқараспен қарады. Биологтар балалар әдебиеті мен көркем әдебиет туралы терең білімдерін көрсете отырып, ашықхаттар авторлары өз жұмыстары үшін кейбір идеяларды ашықхат авторларынан алатындығын көрсете отырып, әдемі суретті ғана емес, ғылыми компонентті де қамтыған жұмыстарды атап өтті.

“Белкакардс” ашықхаттар дүкенінің иесі (Санкт-Петербург қ., РФ) конкурсқа қатысушыларға арнап былай деп жазады: “Бірінші кезекте байқауға қатысқан барлық жұмыстардың тамаша болғанын атап өткім келеді. Біреуді бөле көрсету қиын болды. Көргеннен кейін тек жағымды эмоциялар мен әдемі әсерлер қалды. Байқаудың тақырыбы біздің әлемде өзекті саналады және балалардың оған қатысқанына қуаныштымын. Таңдау кезінде жарқын бояулы, әдемі жұмыстарға басымдық берілді. Сондай-ақ, елдің ұлттық калориті бейнеленген суреттер ұнады. Қазақстан палеонтологиясын дамытуда алдағы уақытта да табыс тілеймін және бұл байқау соңғы болмайды деп ойлаймын”.

Қазылар алқасы мүшелерінің көпшілігінің пікірі бойынша сөзсіз жеңімпаз Қазақстанның өткені мен бүгіні арасындағы үйлесімді өзара байланыс, суреттің өзін үйлестіруге деген ерекше көзқарас байқалатын және бір кеңістікте екі уақыт алынатын Есімбек Элиманның жұмысы болды. Бұнда Қазақстанды жаһандық әлемге таныту жөніндегі өте қызықты идея бар.

Қазылар алқасының мүшесі Колина Анастасия Эдуардовна, графикалық дизайнер, посткроссер (Могилев қ., Беларусь Республикасы) конкурсқа қатысушыларға: “Балалардың шығармашылық жұмыстарын бағалауға мүмкіндік бергені үшін бірден алғыс айтқым келеді. Рахмет, бірақ бұл оңай болған жоқ! Көптеген жұмыстар ерекше назар аударуға лайық. Өкінішке орай, бәрін марапаттау мүмкін емес, бірақ олардың қалаған бағытта дамуына ешкім кедергі болмайды. Сондықтан жасаңыз, қол жеткізіңіз, үйреніңіз! Мақсатқа жетудің әр қадамы маңызды. Сондай-ақ балалардың үлкен көркемдік талантын, композициялар жасау, көргендерінен шабыт алу, бірақ басқаны көшірмеу қабілеттерін атап өткім келеді. Бұл мақтауға тұрарлық! Шығармашылық табыстар мен жаңа биіктіктерге жете беріңіздер!”-деген тілегін білдірді..

Конкурс қорытындыларымен жиынтық ведомость қағазында танысуға болады.

Марапаттау материалы электронды түрде дайындалған және жүктеуге болады.

I дәрежелі дипломдар сілтеме бойынша: https://yadi.sk/d/h-fYMO6iN4kErw?w=1

ІI дәрежелі дипломдар сілтеме бойынша: https://yadi.sk/d/9zAz8be8jJ2ocg?w=1

IІІ дәрежелі дипломдар сілтеме бойынша: https://yadi.sk/d/9xJO6ZFk5u81_w?w=1

Қатысушылардың сертификаттары сілтеме бойынша: https://yadi.sk/d/hEnvg2x9nK_xUA?w=1

Байқау жұмыстары жетекшілерінің алғыс хаттары: https://yadi.sk/d/jqrd5boWMzh_3g?w=1

“Pastila” пошталық ашық хаттар Интернет-дүкенінің атынан байқаудың Гран-при табысталуы 2021 жылдың 10 ақпанында Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында Қарағанды қаласының посткроссерлерінің I ресми кездесуінде өтеді.

Байқаудың ұйымдастыру комитеті

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.