2024 жылғы 23 қазанда “Педагогика” кафедрасының эдвайзерлері С.С. Шутенова мен А М. Тәжинин “Педагогика және психология”, “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” және “Педагогикалық коучинг және психология” білім беру бағдарламаларының студенттерімен “Мен өз Отанымды мақтан тұтамын!» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді. Аталған кураторлық сағат Қазақстан Республикасы күнін мерекелеуге арналған.
Кураторлық сағаттың мақсаты: студенттердің бойында патриотизм, өз Отанына, оның тарихына, мәдени және рухани мұрасына деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелеу.
Кураторлық сағат барысында студенттермен Республика күнінің маңыздылығы, Қазақстан Республикасының егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы, Қазақстан халқының бірлігін ортақ игілік пен бақытты болашақ үшін сақтаудың маңыздылығы туралы әңгіме өткізілді.
Сондай-ақ, 1 курс студенттері үшін еліміздің тарихындағы маңызды сәттерді білуге арналған викторина өткізді. Викторинада төмендегідей түрдегі сұрақтар қолданылды:
ҚР тәуелсіздігін алу күнін атаңыз?
ҚР Мемлекеттік әнұраны қай жылы қабылданды?
Семей сынақ полигоны қай жылы жабылды?
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қай жерде орналасқан?
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының әуенінің авторы кім?