Мамандық өз бойымызда

2024 жылғы 17 мамырда Әл-Фараби атындағы №102 мектеп -гимназиясында «Өнегелі өмір» жобасының аясында «Мамандық-өз бойымызда» тақырыбында «BOLASHAQ» академиясының профессоры философия ғылымдарының кандидаты Ф.Ф. Саттарованың қастысуымен 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.

Бұл іс-шараға Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің Философия және психология факультетінің оқытушысы Жумагильдинов М. Н, Философия және дінтану мамандықтарының студенттері де қатысты.

Ұйымдастырушылар: Әл-Фараби атындағы №102 мектеп- гимназиясының директоры Оспанова Қ. Д. және бағдар беруші Мусатаева М.У.

Іс-шараны жүргізуші гимназия оқушыларына Ф.Ф. Саттарованың кәсіби өмір жолы, ғылыми жетістіктері туралы мағлұмат берді.

Кездесудің негізгі мақсаты: жетістік пен табысқа жеткен тұлғалар өкілдерімен, олардың іс-тәжірибесімен танысу арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие мен кәсіби бағдар беру. Осы орайда жастар Ф.Ф Саттароваға мамандық тандау туралы, адам бойындағы жақсы қасиеттер мен рухани құндылықтардың маңызы туралы көптеген сұрақтар қойды. Әсіресе қос мамандықты меңгеру мәселесі оқушыларда ерекше қызығушылық тудырды. Сонымен қатар «Bolashaq» Академиясындағы мамандықтар туралы да ақпараттар берілді.

Кездесу соңында Әл-Фараби атындағы №102 мектеп –гимназиясының директоры  Қ.Оспанова мектеп оқушыларының мамандық таңдауында бағыт-бағдар беріп және дарынды баламен жұмыс жасаудағы шеберлігімен бөліскені үшін Ф.Ф. Саттароваға «Алғыс хатпен» марапатталып, гүл шоқтарын ұсынды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.