2022 жылдың 03 ақпанында кәсіптік бағдар жұмысының аясында Балқаш және Приозерск қалаларының 11 сынып оқушыларымен онлайн кездесу өтті. Кездесуді Қарағанды облысының білім басқармасы ұйымдастырды.
Шараға Ұлттық тестілеу орталығы филиалының директоры, Қарағанды қаласының барлық жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларының жауапты хатшылары, сондай-ақ мұғалімдер мен ата-аналар қатысты. ЖОО-лардың негізгі бәсекелестік артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, оқыту нысандары туралы ақпарат ұсынылды. Кездесу барысында жоғары оқу орнын және білім беру бағдарламасын таңдау кезінде туындайтын мәселелер талқыланды. Оқушылар біздің академияға қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды.