“Bolashaq” академиясында ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына арналған “Қазіргі әлемдегі ғылым мен білім” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция қорытындысы бойынша Академия ғылыми мақалалар жинағының екі томын дайындап шығарды.
Жинақтарды Абай көшесі, 17 мекен-жайында орналасқан академия кітапханасынан сатып алуға болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы ақынымыз Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын жариялағаны белгілі.
Бұл еңбекті де «Абайтану» ғылымына тыңнан қосылған тағылымды дүние қатарына жатқызамыз. Олай айтуымыздың себебі, Ұлы Дала данасының шығармашылығын ғылымда зерттеудің дені бұрын тек философия, тарих, филология бойынша жүргізілсе, бұл мақалада Абай шығармашылығы өркениетті, дамыған елдердің қатарына қосылудағы басты ұстаным ретінде жан-жақты талдауға түседі.
Сөз жоқ, еліміздің рухани тұрғыдан жаңғырып, жаңару мен жандануында Абай мұрасының тигізер пайдасы ұшан-теңіз, қазақ үшін ол мәңгілік рухани азық болып қалатыны анық.
Осы ыңғайда «Болашақ» академиясы Ақынның ұлы тойына арнап «Заманауи әлемдегі ғылым мен білім» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіп, оның материалдарын екі том жинақ етіп басып шығарды.
«Абай және әлемдік өркениет» аталатын бұл жинақтардағы жарияланымдар денін бүгінгі мәдениеттер тоғысында жаһандану үрдісіне бағыт бұрған замандағы ұлтымыздың рухани өрісін биіктететін ұлы ақынның мұрасына үңіліп, оның тағылымдық мәнін зерделеуге ұмтылған еңбектер құрайды.
Екі том жинақты Қарағанды қаласы Абай көшесі 17-үйде орналасқан академия кітапханасынан алуға болады.