2020 жылдың 26 қарашасында “Руханият” ҒЗО -ның директоры А.У. Аупенова өлкетану зерттеулері аясындағы “VIII Нүсіпбек оқулары” аясында өткізілген “Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесі және Ақай Нүсіпбековтің мұрасы” атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға “517-ші эвакуациялау эпосы”баяндамасымен қатысты.
Конференцияны ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты.
Конференция жұмысы аясында келесі мәселелер қаралды:
- Кеңес Одағы мен Қазақстан соғыс қарсаңында: соғысқа дейінгі жағдай.
- Қазақстан аумағында жалпыға бірдей әскери жұмылдыру және әскери құрамаларды қалыптастыру.
- Қазақстанның Ұлттық әскери құрамалары: қалыптасу тарихы және жауынгерлік жолы.
- Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан: Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері.
Эвакуация: эвакуацияланған кәсіпорындар мен оқу орындарын қабылдау және орналастыру.
- Қазақстан-майдан арсеналы: Қазақстан аумағындағы әскери-қорғаныс өнеркәсібінің объектілері.
- Соғыс жылдарында майданға Қазақстан халқының көмегі.
- Қазақстандықтардың 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы майдандарындағы ерліктері.
- Партизан отрядтары мен қарсылық қозғалысындағы қазақстандықтар.
- Қазақстандықтардың әскери тұтқындарының тағдыры және оңалту мәселесі.
- Еңбек армиясы құрамындағы қазақтар.
- Қазақстан әйелдерінің Жеңіске қосқан үлесі.
- Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан: мәселенің тарихнамасы.
- Соғыс батырлары мен құрбандарын мәңгі есте қалдыру.
- Ұлы Отан соғысы туралы естеліктерді сақтаудағы мұражайлардың рөлі.
- Соғыс туралы тарихи аңыздар және Қазақстандағы қазіргі заманғы еске алу саясаты.
- Соғыс тарихы бойынша жаңа мұрағаттық деректер мен құжаттар.