Қарағанды облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайту, олардың зияткерлік әлеуетін арттыру және кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттау мақсатында алғаш рет «Кітап оқитын ұлт» республикалық байқауы басталды. Бұл жоба – ел жастары арасында оқуға деген сүйіспеншілікті арттырып, кітап арқылы рухани бай және ой-өрісі кең тұлға қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.


Осындай ауқымды жобаны кеңінен таныстыру мақсатында «Bolashaq» Aкадемиясына Жақан Жұпар Рысқұлқызы арнайы келіп, студенттермен және оқытушылармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ол байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттерін, оның қоғамдағы маңызын және жүзеге асу кезеңдерін жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ, жобаның жастардың жеке тұлғалық дамуына, сыни ойлау қабілетін қалыптастыруға және мәдени-рухани деңгейін көтеруге қосатын үлесіне ерекше тоқталды.
“Bolashaq” Академиясының оқытушыларын, қызметкерлерін және студенттерін «Кітап оқитын ұлт» жобасына қосылуға шақырамыз! Кітап әлемін ашыңыз, зияткерлік қозғалыстың бөлігі болыңыз!


Толық ақпаратты байқаудың әлеуметтік желідегі ресми парақшаларынан алуға болады:
Instagram: @kitapoqitynult
Telegram: kitapoqitynult