2024 жылғы 27 қыркүйекте «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы А.Б.Қосманова Қарағанды қаласы «№86 ЖББМ» КММ орта мектебінде 11 сынып түлектерінің ата-аналарымен кездесу өткізді. Ата-аналармен кездесу барысында «Bolashaq» Академиясы туралы жалпы ақпарат, академияның миссиясы, мақсаты және биылғы педагогика білім беру бағдарламасының жаңалықтары мен өзгерістері туралы мәлімет берілді.
«Bolashaq» Академиясының Қазақстан жоғары оқу орындары арасындағы республикалық рейтингтерде алып жүрген жоғары деңгейлері, Академияның абыроймен өткен халықаралық аккредитациясы, оқу формалары, білім сапасы, оқытушылар құрамы, студенттер мен оқытушыларға көрсетілетін дәстүрлі әлеуметтік қолдаулар, екі дипломдық білім беру, оқу-тәрбие үрдістері мен жетістіктері, үздік оқитын күндізгі бөлім студенттеріне арналған ректорлық степендиялары, мемлекеттік білім беру гранттарын ұтып алған талапкерлерді қабылдай алу мүмкіндіктері, оқу орнының ғылыми зерттеу орталықтары, дәстүрлі түрде жылда өткізілетін «Жас педагог, психолог» олимпиадасына қатысып жеңілдік ұтып алу мүмкіндігі жайлы кеңінен ақпарат берілді. Сондай-ақ, педагогика кафедрасында «Педагогикалық коучинг және психология», «Шет тілін меңгерген бастауыш сынып мұғалімі» жаңа екі оқу бағдараламалары ашылғаны туралы, бұл оқу бағдарлама бойынша ақпарат тереңірек түсіндірілді.
Кафедра түлектерінің мектепке дейінгі ұйымдардың әртүрлі түрлері мен шағын орталықтарда, жалпы білім беретін орта мектептерде, педагогикалық колледждерде, білім басқармаларында, білім беру жүйесі кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарында, бастауыш және орта арнайы білім беру ұйымдарында жұмыс істей алатыны жайлы айтылды.
Кездесудің соңында ата-аналар сұрақтар қойып, оған жауап беріліп, буклеттер таратылды.