2023 жылғы 9 қаңтарда Zoom платформасында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің «Фармация» мектебі, фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника кафедрасының студенттерімен «Эмоционалды интеллект» тақырыбындағы онлайн семинар өтті. Онлайн семинар осы кафедраның доценті, химия ғылымдарының кандидаты Қалдыбаева Айгүл Құдайбергенқызының ұйымдастыруымен өтті.
«Эмоционалды интеллект» тақырыбындағы онлайн семинарда «Bolashaq» академиясының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Сарбасова Калимаш Амангелдіқызы (Қарағанды қ.) және Назарбаев университетінің психологы, гештальт-терапевт Диянова Рахат Телубайқызы (Астана қ.) дәріс оқыды. Бұл дәрістегі: «Сіз өзіңіздің эмоцияларыңызды басқарасыз немесе олар Сізді басқарады. Әрбір күшті эмоцияның астарында-іс-әрекетке деген түрткі жатыр.
Бұл импульсті басқару қабілеті эмоционалды интеллекттің мәні болып табылады. Эмоционалды интеллект (EI) – эмоцияны қабылдау, бақылау және бағалау қабілеті. Жұмыстағы адамдармен қатынаста эмоцияны білдіру және бақылау мүмкіндігі өте маңызды. Бірақ басқалардың эмоциясын түсіну және оларға жауап беру қабілеті де маңызды. Психологтар бұл қабілетті эмоционалды интеллект деп атайды, тіпті кейбір сарапшылар бұл өмірде жетістікке жетуде ақылдан (IQ) да маңызды болуы мүмкін», деген ой-пікір қатысушылардың қызығушылығын тудырды.
Семинарға қатысушылар «Эмоционалды интеллект» адамдардың тиімді қарым-қатынас құруда үлкен орын алатындығына байланысты қызмет бағытын дамытуды талқылады, осы бағыттың негізгі құрамдас бөліктерімен, оң нәтижеге жету үшін өзінің эмоционалдық жағдайын түсінудің маңыздылығымен танысты. Студенттер сұрақтар қойып, сұрақтарына жауап алды. Студенттер пікір алмасуға белсене қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарды ортаға салды. Семинар өте қызықты өтті. Қатысушылар өмірде кздесетін мәселелерді бірлесіп шешуге бағытталған мұндай семинарлардың қажеттілігі мен маңыздылығын атап өтті.